Главная страница
qrcode

1 сабақ сит есеп Гипот гипофиз. С ра тар Синдромдарды ажыраты ыз. Диагноз ойы ыз. Нау ас а андай зертханалы -аспапты зерттеулер тиімді. Ауруды дамуында андай гормонны жо арылауы барынша м мкін себебі болады 2 есеп


Скачать 15.99 Kb.
НазваниеС ра тар Синдромдарды ажыраты ыз. Диагноз ойы ыз. Нау ас а андай зертханалы -аспапты зерттеулер тиімді. Ауруды дамуында андай гормонны жо арылауы барынша м мкін себебі болады 2 есеп
Дата20.11.2020
Размер15.99 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла1 сабақ сит есеп Гипот гипофиз.docx
ТипДокументы
#44091
Каталог

1
есеп
13 жасар қыз бала басының қатты ауруына, құрдастарына қарағанда бойының күрт өсуіне шағымданады. Түнде мазасыз ұйқтайды. Аяқ киімінің өлшемі бір жыл ішінде 2 өлшемге өскенін айтады. Ата-анасы соңғы жылы қызының 16 см өскенін байқаған.. Қарау кезінде салмағы 66 кг, бойы 172 см. Центильді кесте бойынша бойы > +2SD.
Сұрақтар:

1. Синдромдарды ажыратыңыз.

2. Диагноз қойыңыз.

3. Науқасқа қандай зертханалық-аспапты зерттеулер тиімді.

4. Аурудың дамуында қандай гормонның жоғарылауы БАРЫНША мүмкін себебі болады

2 есеп
35 жастағы ер адам артық салмақ қосуға, қан қысымының жоғарылауына, үнемі бас ауыруына, омыртқа жотасының ауруына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: салмағы 95 кг, бойы 180 см, бел айналымы - 105 см, қолтық асты, бел аймағында «минус» тін бойынша жалпақ қоңыр қызыл түсті сызықтар бар. Көкірек бездері мен желкесінде артық май жиналған. Аяқтары және қолдары арық. Рентгеноскопияда айқын остеопороз, гипофиз аденомасы анықталды.
Сұрақтар:

1. Синдромдарды ажыратыңыз.

2. Болжам диагноз қойыңыз.

3. Қандай аурумен дифференциальді диагностика жүргізген ең тиімді

4. Науқасты ең тиімді емдеу жоспарын құрастырыңыз.

3 есеп

21 жасар ер адам соңғы айларды күшейген шөлдеу және кіші дәреттің жиілеуіне шағымданады. Ол түнде және күндіз көп мөлшердегі ашық түсті зәрдің 5-6 литрге дейін бөлінуін айтады. Ол ешқандай дәрілік заттарды қолданбайды. Плазма осмолярлығы 350 мосм/кг. Қандағы қант 4,2 ммоль/л.


Көп мөлшердегі ашық зәрдің БАРЫНША қандай себебі болуы мүмкін?

Сұрақтар:

1. Қандай гормонның тапшылығы БАРЫНША мүмкін?

2. Қандай диагноз ең ықтимал.

3. Науқасқа қандай зертханалық-аспапты зерттеулер жасау керек.

4. Қандай дәріні бірінші кезекте тағайындаған БАРЫНША тиімді.
перейти в каталог файлов


связь с админом