Главная страница
qrcode

Тұрсын Айзат Эссе. Салтанат Серікбол ызы жм17 16-02 Т рсын Айзат


Скачать 14.73 Kb.
НазваниеСалтанат Серікбол ызы жм17 16-02 Т рсын Айзат
Дата12.01.2021
Размер14.73 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТұрсын Айзат Эссе.docx
ТипДокументы
#44901
Каталог

Салтанат Серікболқызы

ЖМ17 16-02 Тұрсын Айзат
Аутоиммундық гемолиздік анемиялар – эритроциттердің беткейлі антигендеріне қарсы бағытталған аутоантидене түзілуімен жүретін анемиялар тобы. Аутоиммундық гемолиздік анемиялар 500 000 тұрғынға 1 жағдай жиілігімен кездеседі.

Этиологиясына байланысты идиопатиялық (этиологиясы белгісіз) және симптомдық (басқа ауруларда дамыған), сонымен бірге, гемолизге және антиэритроцитарлық антиденеге тәуелді түрлерін ажыратады

Жалпы қан талдауы – гемоглобин деңгейі 50-70 г/л дейін (кризде одан да терең) төмендейді және эритроциттер саны азаяды, анемия нормохромды сипатта болып, ретикулоциттер саны артады. Ауыр ағымды аутоиммундық гемолиздік анемияда жұғындыда эритроциттердің бұзылыстары байқалады. ЭТЖ және эритроциттердің осмостық тұрақтылығы жоғарылайды. Лейкоциттер саны артады, ал кризде солға ығысқан айқын лейкоцитоз табылады. Кейде иммундық тромбоцитопения қосылуы мүмкін.

Жалпы несеп талдауы – уробилинурия нәтижесінде несеп қоңыр-қара түске боялады.

Жалпы нәжіс талдауы – стеркобилин артуына байланысты нәжіс қара түске боялады.

Биохимиялық талдауы – коньюгирленбеген билирубин деңгейі артады, диспротеинемия байқалып, тимол сынағы мен сарысулы темір деңгейі жоғарылайды.

Қанның иммунологиялық талдауы – Т–лимфоцит-супрессорлар кеміп, Т-лимфоцит-хелперлер артады, иммуноглобулин саны көбейеді.

Емді глюкокортикоидтардан бастаған жөн. Ол үшін преднизолонды 1-1,5 мг/кг тәулігіне, кейде 2 мг/кг жеткізуге болады. Негізінен оны үшке бөліп, 3:2:1 қатынаста береді. Мысалы 60 мг таңертеңгі уақытта 30 мг (6 түйме), түсте 20 мг (4 түйме), кешке 10 мг (2 түйме) тағайындалады. Гемолиз тоқтап, жалпы жағдайы жақсарғаннан соң әр 3-4 күнде 2,5 мг (1/2 түймеден) төмендете отырып, мүлдем алып тастауға тырысу керек. Толық емес жылулық агглютининімен туындаған созылмалы аутоиммундық гемолиздік анемияда преднизолонды 20-40 мг/тәу мөлшерде қолданған жөн.

Преднизолон оң нәтиже бермегенде, не оны үнемі қабылдау қажет болғанда, сондай-ақ преднизолон қабылдауды тоқтатқан соң гемолиздің өршуінде, не асқынулар пайда болған жағдайларда спленэктомия жасалады. Ол 60 % науқастарда жақсы нәтиже береді.

Аутоиммундық гемолиздік анемия бүйректі ауыр зақымдап, гемолиздік-уремиялық синдроммен асқынуы мүмкін. Бұл жағдайда преднизолонды, жаңа мұздатылған плазманы, плазмоферезді, жуылған эритроциттерді қолданады. Гемолиздік-уремиялық синдром дамығанда науқастың болжамы қолайсыз болады.
перейти в каталог файлов


связь с админом