Главная страница
qrcode

С сальмонелла тобыны бактерияларымен оздырылатын ж не ащы ішекті лимфатикалы аппаратыны за ымдалуымен, бактериемия ж не интоксикациямен сипатталатын ауыр антропонозды инфекция


Скачать 104.02 Kb.
НазваниеС сальмонелла тобыны бактерияларымен оздырылатын ж не ащы ішекті лимфатикалы аппаратыны за ымдалуымен, бактериемия ж не интоксикациямен сипатталатын ауыр антропонозды инфекция
Дата03.05.2021
Размер104.02 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла8983523.docx
ТипДокументы
#46566
страница1 из 5
Каталог
  1   2   3   4   5

«Инфекциялық аурулар»

1. Іш сүзегінің дұрыс тұжырымы:

А - мононуклеарлы және фагоцитарлы жүйенің зақымдалуымен ағымының варианттарының әртүрлігімен, соның ішінде ангинозды –септикалық және нервтік түрлерімен сипатталатын зоонозды инфекция

В - инфекция көзі тек жануарлар болып табылады

С - сальмонелла тобының бактерияларымен қоздырылатын және ащы ішектің лимфатикалық аппаратының зақымдалуымен, бактериемия және интоксикациямен сипатталатын ауыр антропонозды инфекция

Д - асқорыту жолын тікелей зақымдалуымен және айқын токсико-аллергиялық симптомдармен сипатталатын жедел инфекциялық ауру

Е - бөртпе розеолезды-петехиальды, көп мөлшерде және полиморфизмді элементтердің болуы, ауру басталғаннан кейін 4-5 күнінде бір мезгілде пайда болады

2. Іш сүзегіне тән асқынуы:

А - миға қан құйылу

В - аяқ-қолдарының гангренасы

С - ішектен қан кету

Д - бас миының ісінуі-қабынуы

Е - тромбофлебит

3. Іш сүзегінде науқастарды ауруханаға жатқызу көрсеткіші

А - міндетті түрде

В - эпидкөрсеткішіне қарай

С - ауырлығына қарай

Д - 3 жасқа дейінгі балалар

Е - іш сүзегімен контактыда болған адамдар

4. Іш сүзегіне тән тілдің өзгерісі:

А - тремор

В - фулигинозды тіл

С - құлпынай тәрізді тіл

Д - тіл девиациясы

Е - Говоров-Годелье симптомы

5. Іш сүзегіне тән нәжіс:

А – қан және кілегей аралас

В – «күріш суы»

С – «бұршақ сорпасы»

Д – «таңқурай қайнатпасы»

Е – «ет жуындысы»

тәрізді

6. Оба қоздырғышы:

А – вирустар

В – шигелла

С – сальмонелла

Д – риккетсия

Е - иерсиния

7. Обаға тән тіл:

А – «фулигинозды»

В – «таңқурай»

С – «қуырылған»

Д – «борлы»

Е - Говорова-Годелье симптомы

8.Науқас К., 30 жаста, 0-400С дейін көтерілді, қалтырау, бас ауыруы, бұлшықеттер ауырсынуы, әлсіздік пайда болды. Сол қол білек аймағы терісінде іріңді-қан құрамды көпіршік пайда болған. Сосын, 2-3 күннен кейін түбі қара струппен жабылған жара түзілген. Жіті ауырсынуы байқалған Температура барлық күнде жоғары. Анағұрлым тән диагнозды көрсетіңіз:

А – лептоспироз

В – оба

С – бруцеллез

Д – туляремия

Е – түйнеме

9. Обаның өкпелік түрінде ақпарат беретін симптом:

А – жөтел

В – қан қақыру

С – дене температурасының 400С дейін жоғарылауы

Д – қатты бас ауыруы


Е – өкпедегі құрғақ және ылғалды сырылдар

10. Обаны екшеу қажет:

А – лептоспирозбен

В – орнитозбен

С – іш сүзегімен

Д – бруцеллезбен


11. Сальмонеллезге тән нәжіс:

А – аз мөлшерде, кілегейлі, қан талшықтарымен

В – сасық иісті, «батпақты балшық» тәрізді сұйық

С – «бұршақ сорпасы» тәрізді

Д – сұйық, «таңқурай қайнатпасы» тәрізді

Е – «күріш суы» тәрізді

12. Салмонеллездің жиі кездесетін түрі:

А – ішектік көріністерімен септикалық түрі

В – ішектік көріністері жоқ септикалық түрі

С – гастроинтестиналды

Д – колиттік

Е – субклиникалық

13. Сальмонеллез, жергілікті түрінің емі:

А – ампициллин

В – сульфаниламидты препараттар

С – дисоль, трисоль, ацесоль, лактасоль, регидрон

Д – нитрофуран препараттары (фурадонин)

Е - бисептол

14. Сальмонеллез, гастроинтестиналды түрінің клиникалық белгісі:

А – қызба

В – гепатолиеналды синдром

С – жүрек айну, құсу

Д – розеолезды бөртпе

Е – тенезмдер

15. Сальмонеллезді ажырату қажет:

А – іш сүзегімен

В – дизентериямен

С – безгекпен

Д – псевдотуберкулезбен

Е – лептоспирозбен

16. Жедел дизентерияда ауыр ағымын тудыратын шигелла:

А - Штуцер-Шмитц

В - Флекснер

С - Зонне

Д - Григорьев-Шиг

Е - Бойди

17. Зонне шигелласымен шақырылатын дизентерияның жұғу жолы:

А - су арқылы

В - контактылы-тұрмыстық

С - тағамдық

Д - ауа-тамшылы

Е - трансмиссивті

18. Жедел дизентерияны ажырату қажет:

А – бөртпе сүзекпен

В – лептоспирозбен

С – іш сүзегпен

Д – тырысқақпен

Е - тұмаумен

19. Дизентерия, клиникалық белгісі:

А - буындардың ауруы

В - бауырдың ұлғаюы

С - тенезмдер

Д - құсық

Е - көрідің бұзылуы

20. Дизентерияға тән нәжіс:

А – «ректалды түкірік»

В – «күріш суы»

С – «ет жуындысы»

Д – «бұршақ сорпасы»

Е – «таңқурай қайнатпасы»

тәрізді

21. Дизентерия диагностикасы:

А – иммуноферментті

В – бактериоскопиялық

С – бактериологиялық

Д – аллергологиялық

Е – биологиялық

әдіс

22. Тырысқаққа тән нәжіс:

А - «құлпынай қайнатпасы»

В - «бұршақ сорпасы»

С - «күріш қайнатпасы»

Д – «ректальды түкірік»

Е – «лайлы батпақ»

тәрізді

23. Тырысқақпен контакт болғандарды бақылау мерзімі:

А – 3

В – 5

С – 7

Д – 14

Е – 21

күнге дейін

24. Тырысқақтың асқынуы:

А - жедел бүйрек жетіспеушілігі
В - тік ішектің төмен түсуі

С - бас миының ісініп қабынуы

Д - инфекциялы-токсикалық шок

Е - ішектен қан кету

25. Тырысқақта артериальды гипотонияның себебі:

А – инфекциялы-токсикалық шок

В – кардиогенді шок


Д – коллапс

Е - инфекциялы-токсикалық шок+ гиповолемиялық шок

26. Тағам токсикоинфекциясына тән таралу жолы:

А - су арқылы

В - алиментарлы

С - тікелей контактылы

Д - контактылы-тұрмыстық

Е - ауа-тозаңды

27. Флекснер шигелласымен шақырылатын дизентерияның жиі таралу жолы:

А - су арқылы

В - контактылы-тұрмыстық

С - тағамдық

Д - ауа-тамшылы

Е – трансмиссивті

28.Сальмонеллездын таралу жолы:

А - тағамдық

В - су арқылы

С - контактылы-тұрмыстық

Д - ауа-тамшылы

Е – трансмиссивті

29. Алиментарлы жұғу жолы тән:

А – бөртпе сүзекке

В – күл ауруына

С – безгекке

Д – тұмауға

Е - салмонеллезға

30. Энтеровирусты инфекцияда диагностикалауәдісі:

А – бактериологиялық

В - бактериоскопиялық

С - иммуноблотинг


Е - иммунофлюресцентті

31. Науқас М, 40 жас, аурудың 1 күні іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсық, шағымдарымен түсті. Қарағанда: дене қызуы 38ºС, тері қабаты боз, тілі ақ жамылғымен жабылған, пальпация кезінде эпигастральды аймағында ауырсыну пайда болады. Диагнозы.

А- сальмонеллез


С- тағам токсикоинфекция

Д- тырысқақ

Е- энтеровирусты инфекция

32. Іш сүзегімен науқаста кезекші дәрігер келесі көріністерді көрді: әлсіздік, аяқ астынан әлсіздік пайда болу, тері қабатының боз болуы, салқын тер шығу, кілегей қабатарының көгеруі, пульсінің 140 рет/ мин. жіп тәрізді болуы, АҚҚ 70/40 мм.с.б төмендеуі, дене қызуының 37,0оС- дейін төмендеуі. Қандай асқынуы?

А- инфекциялы-токсикалық шок

В- ішектен қан кету

С- ішектің тесілуі

Д- ішек түйілуі

Е- калькулезді холецистит

33. Науқас С, 48 жаста. Оң жақ мықын аймағы ауырсынады, жүрек айну, құсу, тәулігіне 2-3 рет жасыл түсті сұйық, сасық иісті нәжіс. Ауруын шикі жұмыртқа ішкенімен байланыстырады. Диагнозы?

А-тырысқақ

В-сальмонеллез

С- дизентерия

Д-тағам токсикоинфекция

Е- саңырауқұлақпен улану

34. Оба - бұл:

А-трансмиссивті зооноз тобына жататын жедел табиғи-ошақты ауру, ол қызба, интоксикация, лимфа түйіндеріндегі, өкпе және басқа мүшелердегі серозды-геморрагиялық қабыну, сол сияқты сепсиспен көрінеді

В- интоксикациямен, қызбамен, лимфаденитпен және әртүрлі мүшелердің зақымдалуымен жүретін облигатты табиғи-ошақты зооноз

С-интоксикациямен, терілік немесе септикалык түрде өтетін және ішкі мүшелермен лимфа түйіндерінің, терінің серозды-геморрагиялық қабынуының дамуымен сипатталатын жедел бактериальды зоонозды инфекция

Д -айқын токсико-аллергиялық симптоматикамен, асқорыту жолдарының зақымдалуымен сипатталатын жедел инфекциялық ауру

Е-аскорыту мүшелерінің зақымдалуымен жүретін токсико-аллергиялық және полиошақты симптоматикамен сипатталатын жедел инфекциялық ауру

35. Іш сүзегінің алғашқы кезіндегі шағымдары (1-ші апта):

А - құрысу

В – қоңыр несеп

С - түссіз нәжіс

Д – ұйқысыздық

Е - сол жақ мықын аймағындағы ауырсыну

36. Іш сүзегін өршу кезеңінде екшеу қажет:

А – тағам токсикоинфекциясымен

В – ботулизммен


Д – тұмаумен

Е – геморрагиялық қызбамен

37.Безгек диагностикасындағы лабораторлық әдіс:

А – қанды «толық тамшы» зерттеу

В – бактериологиялық әдіс

С – вирусологиялық әдіс

Д – қараңғы алаңдағы микроскопия

Е – электронды микроскопия

38.Іш сүзегінің атипті түрі:


В - гастроэнтериттік

С - алгид

Д - гастроэнтероколиттік

Е - гипертоксикалық

39. Іш сүзегінде жүрек-тамыр жүйесіндегі патологиялық өзгерістер:

А – тахикардия

В – брадикардия

С – гипертония


Е – аритмия

40. Бүйректік синдроммен жүретін геморрагиялық қызбаның алғашқы кезеңге тән белгі:

А - біртіндеп басталуы

В - олигурия

С - қан қақыруы

Д - беттің және мойынның қызаруы

Е - жүрек шеттерінің ұлгаюы

41. Контагиозды геморрагиялық қызбаға жатады:

А - Денге қызбасы

В - Қырым геморрагиялық қызбасы

С - Омбы геморрагиялық қызбасы

Д - Бұйректік симдром қызбасы

Е - Чикунгунья қызбасы

42. Бүйректік синдроммен жүретін геморрагиялық қызбаның асқынуы:

А – перитонит

В – ошақты пневмония

С – бүйрек жарылуы

Д – миокардит

Е – тромбофлебит

43. Омбы геморрагиялық қызбаның емі:

А – антибиотиктер

В – иммунды сарысу

С – фторхинолон препараттары

С – сульфаниламидтер

Е – нитрофуран препараттары

44. Обаның емі:

А - стрептомицин

В - пенициллин

С - сульфадимезин

Д - бисептол

Е - рифампицин

45. Ботулизм қоздырғышының табиғаттағы резервуары:

А - өсімдік қоректі жануар

В - құстар

С - кеміргіш

Д - жабайы жануар

Е - кене

46.Ботулизм анықтамасы:

А –шартты патогенді бактериялармен шақырылатын және гастрит, гастроэнтерит түрлерінің су-тұз алмасуы бұзылысымен өтетін жедел инфекциялық ауру

В –нерв жүйесінің зақымдануымен сиппаталатынжәне сопақша ми мен жұлынныңауыр офтальмоплегиялық және бульбарлы синдроммен өтетін токсикалық‑инфекциялық ауру.

С – энтеровирустармен шақырылатын, гастроэнтерит, энтерит түрімен және жоғары тыныс жолдарының қабынуымен өтетін жедел инфекциялық ауру

Д – ішек таяқшаларының типтерімен шақырылатын гастроэнтерит немесе гастроэнтероколит синдроммен өтетін жедел ауру

Е – сулы диареяның және құсықтың дамуымен өтетін, дегидратацияға және деминерализацияға әкелетін антропонозды инфекция

47. Науқас 30 жаста, аурудың 2-ші күні инфекциялық бөлімшеге жүрек айну, қайталамалы құсық, іштің ауыруымен, жиі «ет жуындысы» тәрізді нәжіс, әлсіздік, бас ауыруы шағымдарымен түсті. Тұрып қалған айран ішкен.

Объективті: дене қызуы 380С. Жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозғылт, Пульс 88 соққы 1 мин. ырғақты, АҚҚ 105/70 мм. с.б. тілі ақ жабындымен қапталған, құрғақ, Іші жұмсақ, кепкен, қарағанда эпигастрии аймағы және ішек маңы сезімтал, сигма тәрізді ішек түйілген.Диагноз:

А- сальмонеллез


С- тағам токсикоинфекция

Д- тырысқақ

Е- энтеровирусты инфекция

48. Дизентерия клиникасында кездесетін симптом:

А – колиттік, интоксикацияллық

В – гастриттік

С – энтериттік, интоксикациялық

Д – энтериттік

Е – гастро-энтериттік

49.Ботулизмде инкубациялық кезең:

А - бірнеше минуттан 1 сағатқа дейін

В - 2-12 сағат

С - 1-2 күн

Д - 3-4 күн

Е - 2-12 сағаттан 10 тәүлікке дейін

50.Ботулизм симптомы:

А –жүрек айну

В - құсу

С – іштің ауырсынуы

Д - диплопия

Е – дене қызуының көтерілуі

51. Іш сүзегіне тән клиникалық белгі:

А - аурудың жедел басталуы, бас ауруы, ұйқысыздықпен жүретін қызба алғашқы кезінде1-2 күнде жоғары денгейге жетеді

В - қалтырау, жоғары қызба, жүрек айну, құсу, жұтынған кезде тамақтың ауырсынуы, бадамша бездеріндегі қөп мөлшердегі жабынды, жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, беттегі, иық белдеуіндегі дақты-папулезды бөртпе

С - біртіндеп және сатылы түрде дене қызуының көтерілуі, қатты бас ауруы, ұйқы бұзылысы, әлсіздіктің өршуімен жүреді

Д - жоғары және ұзақ толқын тәрізді қызба сонымен қатар интоксикация көріністерінің айқындылығы төмен

Е - кенеттен қызудың көтерілуі, құсу, бас ауруы, құрысу, тітіркендіргіштердің барлық түріне сезімталдығы жоғарлаған

52. Іш сүзегінің симптомы:

А - Пастиа

В – Падалко

С - Говоров-Годелье

Д - Филатов-Коплик-Бельский дағы

Е– герпангина

53. Іш сүзегінің инкубациялық кезеңі:

А - бірнеше сағат

В - 2-3 күн

С - 7-25 күн

Д - 3-4 ай

Е - 8-32 күн

54. Іш сүзегі реконвалесцентке міндетті түрде жүргізілетің зерттеу:


В- ректороманоскопия

С - жалпы қан анализі

Д - жалпы зәр анализі

Е – Vi-антигенімен тікелей емес гемагглютинация реакциясы

55. Іш сүзегіне тән:

А - Филипович симптомы

В - Говоров-Годелье симптомы

С - Стефанский симптомы

Д - Розенберг симптомы

Е – Мурсан симптомы

56. Обаның бубонды түрінің жұғу жолы:

А - трансмиссивті

В - су арқылы

С - тұрмыстық - контактылы

Д - энтеральды

Е - аэрогенді

57. Обада карантин ұзақтығы:

А – 1-2

В – 3-4

С – 5-6

Д – 6

Е – 7 күн

58. Обаға тән түрі:

А – гастроинтестиналды

В – терминалды

С – бубонды

Д – көз-бубонды

Е – ангинозды-бубонды

59. Обадағы лимфадениттің сипаты:

А – орташа өлшемді

В – қозғалмалы

С – біреу ғана

Д – жіті ауырсынады

Е – ауырсынуы шамалы

60.Обаға күмән туған кездегі учаскелік дәрігер әрекеті:

А – науқасты анықталған жерде қалдыру

В – инфекционистке жолдау

С – инфекциялық кабинатке дәрігерге бару

Д – инфекциялық стационарға жолдау

Е – бактериологиялық зерттеу тағайындау

61. Сальмонеллеземі:

А – антибиотикотерапия

В – серотерапия

С – гаммаглобулин қолдану


Е – базистік терапия

62. Сальмонеллезге тән ауырсыну:

А – оң жақ қабырға астында

В – сол жақ қабырға астында

С - оң жақ мықын аймағында

Д - сол жақ мықын аймағында

Е - эпигастрийда, кіндік айналасында және оң жақ мықын аймағында

63. Сальмонеллездің асқынуы:

А – перитонит

В –ішектен қан кету

С - инфекциялы-токсикалық шок

Д– тромбофлебит

Е – отит

64. Сальмонеллездің жалпы қан анализіндегі өзгерістер:

А - анемия


С - анэозинофилия

Д - лейкопения

Е - тромбоцитопения

65. Сальмонеллездің бастапқы кезеңіне тән:

А - ауру жедел, іш өтумен, іштің ауырсынусыз басталады, қалыпты қызу фонында «күріш суы» тәрізді көп мөлшердегі сұйық нәжіс

В - ауру жедел, қалтырау және қызуының болуымен басталады дене температурасының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, сол жақ мықын аймағындағы толғақ тәрізді ауырсыну, аз мөлшерлі сұйық нәжіс

С - науқас эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, көп ретті құсуға, сасық иісті, жасыл түсті көп мөлшердегі, сұйық нәжіске шағымданады

Д - ауру жедел қызуының көтерілуімен басталады, құсу, сұйық, сулы нәжіс, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, мұрын бітелуі, тамағының жыбырлауы, ауырсынуы болады

Е - ауру жәй токсикоздың орташа белгілерімен басталады, нәжіс сұйық жылтыр кілегей және «таңқурай қайнатпасы» тәрізді қан аралас

66. Жедел дизентерияның түрі:

А - типтік

В - рецедивті

С - абортивті

Д - найзағай тәрізді

Е - баяу ағымды

67. Жедел дизентерияның орташа ағымының емі:

А - тетрациклин

В - пенициллин

С- стрептомицин


Е - нитрофурандар

68. Дизентерияның колиттік түріндегі нәжіс:

А - сулы, сұйық, сасық иісті

В - ақшыл, иіссіз

С - «бұршақ сорпасы» тәрізді


Е - кілегей және қан аралас сұйық

69. Дизентерияның колиттік түріне тән :

А - эпигастрий аймағында ауырсыну, жұрек айну, құсу, «құлпынай» тәрізді нәжіс

В - эпигастрий, кіндік айналасы, оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну, қоспасыз, «ет жуындысы» тәрізді нәжіс

С - іштің ауырсынбауы, көп мөлшердегі, жиі «күріш қайнатпасы» тәрізді иіссіз нәжіс

Д - толғақ тәрізді іштің ауырсынуы, қан және кілегей аралас жиі сұйық нәжіс, тенезмдер

Е - жүрек айну, көп ретті құсу, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, жиі сасық иісті, көпіршікті нәжіс

70. Шигелланың ену жолы:


В – парентералды

С – трансмиссивті

Д – контактылы

Е – ауа-тамшылы

71. Дизентериядағы инкубациялық кезең:

А – 1-2

В - 1-3

С – 1-4

Д – 1-5

Е – 1-7 күн

72. Тырысқақтың гиповолемиялық түріне тән:

А - іштің ауырсынуы

В - сұйық нәжіс

С – жалған шақыру

Д - тенезмдер

Е - дене қызуының жоғарлауы
  1   2   3   4   5

перейти в каталог файлов


связь с админом