Главная страница
qrcode

С. Ж. Асфендияров


Скачать 173.86 Kb.
НазваниеС. Ж. Асфендияров
Дата13.07.2021
Размер173.86 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла3.1 Зат алмасуының бұзылуы.docx
ТипДокументы
#47436
Каталог

С.
Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
«Қоректік заттардың сіңірілуі және метаболизмі (норма)» -модулі бойынша кейс

Биохимия, қалыпты физиология, анатомия, гистология, қоғамдық денсаулық сақтау кафедралары

Зат алмасуының бұзылуы


1- бөлім - Макроэлементтер мен энергия

Сіздің екі досыңыз Жанин мен Митчелл түскі аста сізге қосылады. Әңгіме барысында Жанин Митчеллдің таңдаған тамағына талдау жасады: кішкене сүзбе, сірке суы мен май қосылған тауық салаты және бір стақан мұзды су.

- "Бұл сіздің денсаулығыңызға зор салмақ емес пе?"- деп сұрайды Жанин чизбургер мен фри себетінен өтіп бара жатып. "Әр таң сайын бірінші жүгіру, енді қоянның тамағы ма?»

- "Мен жаңа диетаны сынап көремін, - деді Митчелл. "Біреу маған бұл диета өте жақсы екенін айтты. Мен осыдан арықтай алатын шығармын деп ойлаймын".

- "Осыдан ба?"- деп сұрады Жанин, Митчеллді басынан аяғына дейін қарап. Досыңызға қарап, сіз Жанинмен келісуіңіз керек: ұзын бойлы Митчелл бір грамм артық майы бар сияқты көрінбейді.

- "Тұра тұрыңыз, - деді Жанин, - Сіз Фадкинс диетасында отырсыз ба? Бұл ақуызды жейтін, бірақ көмірсуларды пайдаланбайтын диета емес пе?

- "Ия, осы диетадамын", - деп Митчелл өзін қорғай, жауап берді. «Мен бұл диета өте жақсы деп естідім. Менің ағам білетін бір адам бір айда он фунт жоғалтыпты ».

- "Сіз жоғары мөлшердегі ақуызды диета сізге зиянды екенін білмейсіз бе?"- деді Жанин тағы бір жұтым сүт коктейлін ішіп тұрып.

- "Егер сіз ақуызды көп пайдалансаңыз және көмірсулар жеткіліксіз болса, сіз ақуызды ыдырату арқылы түзілетін көптеген азотты өнімдерді шығару кезінде бүйректеріңіздің жұмысын біржолата жоя аласыз", - деді Жанин.

- "Бұрынғы кезде таулы аймақтағы адамдар, егер оларда елік, қоян және осындай майсыз еттен басқа ештеңе болмаса, шынымен ауырып, кейде өліп кеткендігін естіген жоқсыз ба? Сондай-ақ, ақуыз мөлшері жоғары, көмірсулары аз және майсыз диетаны пайдаланған адамдар өліп кеткен. Сонымен қатар, егер сіздің миыңыз көмірсуларды пайдаланбаса – тіпті глюкоза жетіспесе - сіз қатты ашуланасыз. Сізде көмірсулар жеткілікті болуы керек".

- "Ия, - деді Митчелл, - егер сіз тек майсыз ақуызды ғана жесеңіз. Бірақ бұл диета сізге май жинауға мүмкіндік береді және сіз оны энергия алу үшін жұмсайсыз, сондықтан таулы жерлердегі адамдар сияқты мәселелер тумайды. Көріп отырсыз ба, - деп жалғастырды Митчелл, Жанин оның сөзін үзіп үлгерместен бұрын, - көмірсулар - бұл жеңіл энергия, сондықтан сіздің денеңіз көмірсуларды жұмсайды, ағзаға керек кезде көмірсу жұмсалады да майға тиіспейді. Егер сіз көмірсуларды қабылдауды азайтсаңыз, оның орнына майды жұмсауды үйренесіз. Денеңізді жаттықтырғаннан кейін сіз қайтадан көмірсуларды жей бастай аласыз және салмақты қоспай, өз қалпында сақтай аласыз ".

Жанин күліп жіберді. "Денеңізді майды жұмсауға үйретіп жүрсіз бе ?! Қалай екенін білмейсіз бе? Қараңыз! Егер сіз салмақ жинасаңыз, онда сіз жұмсағаннан гөрі көп калория тұтынасыз. Мұны бәрі біледі. Калория-бұл калория. Бұл сіздің тамағыңыздағы энергияның өлшемі. Егер сіз салмақ жоғалтқыңыз келсе, сіз тұтынатын калория мөлшерін азайтуыңыз керек немесе калорияларды жұмсау үшін спортпен айналысуыңыз керек, немесе екеуін де. Бірақ неге біз бұл туралы айтамыз? Сізге салмақ жоғалтудың қажеті жоқ, сондықтан сіз не үшін диета ұстанасыз? Өзіңізді өз қалпында жақсы көргеніңіз жақсы ".

- "Сіз не ойлайсыз?"- деді Митчелл сізге бұрылып. "Сіз биологияны зерттейсіз. Ақуыз мөлшері жоғары диеталардың мәні бар деп ойламайсыз ба? Қалай ойлайсыз, маған осы диетаны ұстау керек пе?

- «Оның бұл ойы күлкілі екенін айтыңыз!» «Ол ауырып қалады. Оның пайдаланып жүрген диетасы дұрыс еместігіне көндіру керек!»-деді Жанин.

Физиологиядан талқылауға арналған сұрақтар:

1. Жанин мен Митшел қандай қоректік заттар туралы айтады? Сонымен қатар, ақуыздың, майдың және көмірсудың негізгі диеталық көздерін атаңыз.

2. Жанин: «... миыңыз көмірсу – глюкоза – алмаса, сіз қыңыр бола бастайсыз. Сізге көмірсулар жеткілікті болуы керек» – деді. Жаниндікі дұрыс па? Жүйке жүйесі глюкозаны қалай падаланады?

3. Жанин, сондай-ақ: «Ақуызды тым көп, ал көмірсуды жеткіліксіз қабылдасаңыз, ақуызды ыдыраттқанда, өңдеуіңіз керек болатын барлық азоттың кесірінен бүйрегіңізді түбегейлі құртып алуыңыз мүмкін» – деді. Жаниннің мұнысы да дұрыс па?

4. Диета мен тамақтану туралы айтқанда «калориялылық» және «қуат» сөздері жиі қолданылады. Осы терминдерге анықтама беріңіз.

5. «Калориясыз қуаттандырушы сусын» деген жазуы бар өнім тауып алдыңыз делік. Бұл жазу неліктен алдау болып табылады?

6. Организмді қуатпен қамтамасыз ететін қандай заттар?
перейти в каталог файлов


связь с админом