Главная страница
qrcode

№ 4 БОӨЖ. Нейрондар. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері (2). Реферат Та ырып Саяси М дениет Орында ан Абидинов Жаннур Курс 1 курс Специальность Жалпы Медицина


Скачать 53.94 Kb.
НазваниеРеферат Та ырып Саяси М дениет Орында ан Абидинов Жаннур Курс 1 курс Специальность Жалпы Медицина
Дата19.10.2020
Размер53.94 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла№ 4 БОӨЖ. Нейрондар. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері (2)
ТипРеферат
#43525
Каталог


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY»



Реферат

Тақырып: Саяси Мәдениет

Орындаған : Абидинов Жаннур

Курс: 1 курс

Специальность: Жалпы Медицина

Группа: 135-Б

Тексерген: Омарғазы E.E.


Мазмұны








Саяси мәдениетСаяси жүйенің саяси санамен байланысты субъективтік жағын білдіру үшін «саяси мәдениет» ұғымы қолданылады. Бұл ұғымды алғаш неміс ағартушысы, философ И.Гердер (1744-1803) қолданысқа енгізген. Саяси ғылымға оны нақтылы мазмұнда кірістірген америкалық саясаттанушы – Г.Алмонд. Саясат субъектілері өз әлеуметтік мүдделерін іске асыруға әрекет жасағанда, олардың іс-қимылдары ой-сана сүзгісінен өткізілген саясат әлемі турасындағы белгілі бір түсініктерге негізделеді. Бұл түсініктердің мән-мағынасы қоғамда қалыптасқан саяси мәдениет арқылы, яғни тұрғын халықтың көпшілігіне ортақ саяси құндылықтар жүйесі арқылы анықталады. Басқаша айтқанда, саяси мәдениет саяси іс-қимылдардың бағыт-бағдарын туралап, оларға мән-мағына беріп отырады. Саяси мәдениет деп қоғам мүшелерінің саяси тәжірибесін реттеп, саяси мінез-құлқын жөнге салып отыратын саяси өмірдің баршаға ортақ нормаларын, саяси құндылықтар, идеалдар, наным-сенімдер, бағыт-бағдарлар, дәстүрлер мен рәміздер жиынтығын айтады. Саяси мәдениет жеке тұлғалардың билікпен арақатынасын реттеп, қоғамды белгілі бір ортақ мақсат-мұраттар төңірегінде бірігуге, сөйтіп азаматтық үйлесімділік пен тұрақтылыққа жетелейді.Америкалық саясаттанушы ғалым Г.Алмондтың пікіріне жүгінсек: «саяси мәдениет осы бір берілген саяси жүйе қатысушыларының жекелеген ұстанымдары мен бағадарларының жиынтығы болып табылады. Бұл дегеніміз – саяси іс-қимылдардың негіздемесін құрайтын және соларға мән-мағына беретін субъективтік сала». Біріншіден, мұнда саяси мәдениет – саяси іс-әрекетке деген бағдарлардың жиынтығы екені, яғни іс-әрекеттің өзі емес, тек соған деген субъективтік нұсқама ғана екендігі білдіріледі. Екінші жағынан, ол саяси бағдарлардың құрылымын былай анықтайды:

а) саяси жүйе туралы, оның рөлі, қызметі, саяси шешімдерді қабылдауға әсер ету мүмкіндіктері, айла-тәсілдері туралы білімдер – білімдік бағдарлар;

ә) саяси жүйе, оның құрылымы, қызметтері, қоғам өміріндегі рөлі және осыларды орындаушы саяси қызметкерлер жөніндегі сезімдер – сезімдік бағдарлар;

б) саяси жүйе, оның қызметтері, рөлі туралы құндылықтық мәні бар пікірлер, пайымдаулар мен түсінімдер – құндылықтық бағдарлар.


. Саяси мәдениет қоғам өмірінде мынадай қызметтер атқарады:
адамдардың қай әлеуметтік топқа жататынын түсінуге мүмкіндік беретін бірегейлендіру қызметі;
  • саяси құбылыстардың мән-мағынасын ұғындыратын бағдарлау қызметі;
  • саяси мінез-құлыққа дағдыландыру арқылы іске асатын бейімдеу және әлеуметтендіру қызметі;
  • әртүрлі топтардың құндылықтарды сақтауға және олардың төңірегінде бірігуіне бағытталған интегративтік қызметі;
  • саяси субъектілер мен институттардың белгілі бір таптаурындар (стереотиптер), әпсаналар мен рәміздер негізінде өзара әрекеттесуін іске асыратын коммуникативтік қызметі.
    Кейінгі жылдардағы зерттеулерде саяси мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қоғамда қалыптасып отырған бұқара халықтың көңіл-күйіне байланысты жағдаяттарға (мысалы, өміріне қанағаттану сезімі, басқаларға сенуге деген ықтиярлық және т.б.) назар аударылуда. Мысалы, «өмірге қанағаттану не қанағаттанбау» сезімі азаматтардың саяси жүйеге деген қатынасына күшті әсер ететіні анықталған. Азаматтардың өз мүдделері бойынша әртүрлі топтарға, қауымдастықтарға бірігу мүмкіндіктері «басқаларға сену» сезімінің қаншалықты дәрежеде дамығанына байланысты. Ал қоғамда әртүрлі саяси-әлеуметтік топтардың, бірлестіктердің, қауымдастықтардың болуы демократияның орын тебуінің шарттарына жатады. ХХ ғасырдың 90-жылдары жүргізілген зерттеулерге қарағанда өмірге өмірге қанағаттану сезімі Данияда, Исландияда, Нидерландыда, Швецияда, Канадада, АҚШ-та өте жоғары (80,6 – 85,7%), Бельгияда, Ұлыбританияда, Батыс Германияда (71,5 -78,4%) сәл төмендеу, одан төмені Италияда (71,1%), Португалияда (63,4%), Испанияда (67,0%), Францияда (58,9%), ал ең төмені шығыс Германия мен Словенияда (57,9%), Польшада (25%), Венгряда (43,9%), Ресейде (20%). Сол сияқты басқаларға деген сенімнің деңгейі де әртүрлі болып шықты: ең жоғарғысы Швеция, Норвегия, Дания, Нидерланд, АҚШ, Канада (61,1% –дан 51,5%-ға дейін), ең төмені – Франция (22,8%) мен Португалияда (21,4%). Бір қызығы, бұл көрсеткіш Шығыс Еуропа елдерінде (Венгрияда – 24,6%, Чехияда – 26,1%) бұдан сәл жоғарырақ, ал Ресейде (57%) тіпті жоғары. Соңғы елдердегі демократияның даму деңгейіне сай келмейтін бұл көрсеткіштің жоғары болу себебі бұрынғы социалистік идеологияның қалдық әсерімен және мұндағы халықтардың дініне тән қауымдық сананың басымдылығымен түсіндіріледі.

    Саяси мәдениеттің типтеріНақтылы қоғамда бағдардың қай түрі басымдық танытып отырғанына орай (мысалы, білімдік немесе сенімдік бағдар) саяси мәдениеттің үш типін ажыратуға болады: патриархалдық, бодандық және қатынасу мәдениеті.

    Патриархалдық саяси мәдениет жергілікті құндылықтарға (мысалы, белгілі бір әулеттің, тайпаның, рудың, әлеуметтік таптың құндылықтарына) негізделіп, соған орай жалған патриотизмге, сыбайлас жемқорлыққа, жершілдікке, рушылдыққа жетелеуі ықтимал. Мұндай саяси мәдениет иегерлерінің қоғамның саяси жүйесі туралы түсінігі шамалы, олардың саяси өмірге қатынасы да шектеулі, нақтылы саяси рөл атқаруға деген құлшынысы төмен болмақ.

    Бодандық саяси мәдениетке жататын адамдардың қоғамның саяси жүйесі туралы белгілі бір түсінігі болғанымен, олар саяси өмірге енжар ғана араласып, көбіне билікке, заңға мойынсынып өмір сүреді. Олар, бір жағынан, биліктен жасқанып, бодандық мінез танытса, екінші жағынан, оған иек артып, әртүрлі игіліктер, әлеуметтік жәрдемдер (жалақыны не зейнетақыны көтеру, тұрмыстық қызмет үшін төлемдерді азайту және т.б.) күтумен болады.

    Қатынасу мәдениетіне саяси белсенділік тән, сондықтан оны басқаша азаматтық мәдениет деп те атайды. Азаматтар саясатқа белсенді араласып, саяси талаптар қою арқылы саяси жүйенің қызметіне заңды түрде әсер етіп отырады.

    Нақтылы өмірде саяси мәдениеттің бұл үш типі таза күйінде сирек кездеседі. Олар араласып, белгілі бір пропорционалдық қатынаста қатарласа өмір сүріп, ұштасып жатады. Сондықтан біреуінің үстемдігі, басымдығы туралы ғана айтуға болады. Мысалы, дамуы жағынан артта қалған елдерде саяси мәдениеттің бірінші типі басымдық танытса, екіншісі тоталитарлық және авторитарлық саяси режімдегі елдерде басым түседі. Батыстың дамыған демократиялық елдерінде қатынасу мәдениеті үстемдік танытып отырады.

    Негізгі саяси-идеологиялық ағымдардың сипаты. XIX ғасырдың орта шенінен бастап батыстық елдерде бір-бірімен бәсекелесіп, өзара қақтығысып келе жатқан негізгі үш саяси-идеологиялық ағым бар: олар — либерализмконсер­ватизм және социализм. Осы қақтығыс XX ғасырда жалғасын тауып, тіпті күшейе түскені соншалықты, кейбір саясаткер ғалымдар XX ғасырды «идеология ғасыры» деп атайды.

    Бұл негізгі ағымдардан басқа да кішігірім ағымдар болғанымен, олар да осылардың төңірегінде топталып, идеологиялық ахуалды толықтыра түсері аян. Осы аталған ағымдардың өз ішінде де неше түрлі өзгешеліктер, жіктеулер бар. Бұл идеологиялық үдерістің күрделілігін, толқымалылығын білдіреді.

    Либерализмнің басты идеялары — еркіндік, әр адамның
    өз табиғи құқықтары, демократия, жеке меншік; мемлекет
    адамдардың еркіндігін шектемеуге тиіс, сондықтан
    мемлекеттік билік қажетті минимумнан әрі аспауы керек.
        Консерватизм идеялары — коғам өміріндегі тұрақтылықты, тепе-теңдікті, жаңарудың біртіндеп қана орын алғанын қалап, күрт өзгерістерден бойын аулақ салады, сабақтастықты, дәстүрлілікті, қалыптасып калған тәртіпті бұзбағанды артық санайды. Адамдар туғанынан тең емес, сондықтан біреудің бай, енді біреудің кедей болуы, біреудің бақытты, енді біреудің бақытсыз болуы, сол сияқты біреудің билік басында болуы, басқалардың соған көнуі табиғи делінеді. Консерватизмнің басты құндылықтарына дәстүрлілік, дінилік, еркіндік пен жауапкершілік, адамдардың материалдық теңсіздігін табиғи деп білу жатады.

    Социалисттік идеологияның басты мақсаты жеке меншіктің, адамдар материалдық теңсіздігінің басты себебі деп танылған капитализмді революция жолымен күйрету, оның орнына қоғамдық меншікке негізделген социалистік қоғамға, одан кейін коммунизмге қол жеткізу. Мұндағы басты құндылықтар — социалистік революция, қоғамдық меншік, еңбек және сонымен бірге еңбекші адамдардың (жұмысшы табы мен шаруалардың) теңдігі мен еркіндігі. Коммунистік қоғамда мемлекет болмайды, жанжақты жетілген қоғам мүшелері саналы түрде өз-өздерін басқарып, еркін де бақытты өмір сүреді. Социалистік идеологияның да өзара сыйыспайтын түрлі ағымдары бар, олардың негізгілері: маркстік ілім мен халықаралық социал-демократиялық ілім.

    Социал-демократизм маркстік ілімнің негізінде пайда болғанымен біртіндеп ортодоксиялық марксизмнен аулақтанып, өзіндік ерекше сипатқа ие болып кеткені белгілі. Қазіргі кезде социал-демократиялық идеология Австрия, Норвегия, Швеция және т.б. елдерде өз билігін табысты жүргізуде. Оның басты артықшылығы либерализм мен социализмнің жетістіктерін өз бойына жинақтап, әлеуметтік шындықтың өзгерістеріне орай жетіліп, шыңдалып отыруында, сөйтіп батыстық қоғам көпшілігінің мүддесіне сай келетін идеологияға айналуында.

    XX ғасырда Батыс Еуропада тараған идеологияның тағы бір түрі фашизм, Фашистік идеология XX ғасырдың 30— 40- жыддары, әсіресе, Германия мен Италияда кеңінен тарап, мемлекеттік идеология дәрежесіне дейін көтеріліп, Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкеліп соқканы тарихтан белгілі. Фашизмнің негізгі идеясы нәсілдік астамшылдық, арийлік нәсілдердің басқа нәсілдерден жоғарылығын дәріптеу, соны саяси іс-әрекеттің арқауына айналдыру. Фашизм ұлтшылдықтың басқыншылыққа бейім шеткері бір түрі болып табылады.




    1. Алмонд Г. Азаматтық мәдениет // Әлемдік саясаттану антологиясы. Т.7. - Алматы: «Қазақстан» баспа үйі, 2007.

    2. Панарин А.С. Политология. - М.: «Проспект», 1999.

    3. Қуандық Е. Саясаттану негіздері.- Астана: «Елорда», 2000.

    4. Назарбаев Н. Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу -Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Ана тілі.- 4-10 ақпан.- 2010 жыл.

    5. Назарбаев Н. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. - Алматы, 2007.

    7. Ұлықпан Сыдыков, “Саясаттану”, Алматы- 1996 ж

    8. Қасепов, “Cаясаттану”, Алматы-1998ж

    9. Д. Жамбылов, “Саясаттану”, Алматы- 2003ж
    Қ.Ж. Рахметов, А.М. Болатова, “Саясаттану”, Алматы-1


    Almaty, 2020


  • перейти в каталог файлов


    связь с админом