Главная страница
qrcode

Практикалык тапсырма 2 мб. Практикалы тапсырма. Жасуша мембранасыны биофизикасы. Та ырыбы Жасуша мембранасыны биофизикасы Дайында ан Таскулов Асылхан Курс 1 курс Маманды ы Жалпы медицина Топ 115 а жіберілді А тан Ботак з Рахат ызы


НазваниеПрактикалы тапсырма. Жасуша мембранасыны биофизикасы. Та ырыбы Жасуша мембранасыны биофизикасы Дайында ан Таскулов Асылхан Курс 1 курс Маманды ы Жалпы медицина Топ 115 а жіберілді А тан Ботак з Рахат ызы
Дата21.10.2020
Размер49.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаПрактикалык тапсырма 2 мб.doc
ТипДокументы
#43591
Каталог

Практикалық тапсырма. Жасуша мембранасының биофизикасы.

Тақырыбы: Жасуша мембранасының биофизикасы

Дайындаған: Таскулов Асылхан

Курс: 1 курс

Мамандығы: Жалпы медицина

Топ: 115 А

Жіберілді: Ақтан Ботакөз Рахатқызы

Барьерлік– қоршаған орта мен таңдамалы, реттелінетін, белсенсіз және белсенді зат алмасуды қамтамасыз етеді (селективті - таңдамалы; реттелінетін – заттар үшін мембрана өтімділігі жасуша жағдайына және геномға байланысты), яғни мембрана арқылы заттардың бос тасмалдануы үшін биомембраналық бөгеттің құрылуы. Кейбір заттар үшін биомембрана қиын бөгет туғызса, ал кей заттар ол арқылы жеңіл, сондай-ақ мембрананың құрылымына қарай тек белгілі бір бағытта ғана өтеді. Әртүрлі заттардың мембрана арқылы тасмалдану жылдамдығы бірдей емес. Биологиялық мембрананың барьерлік қызметі оның таңдамалылығымен байланысты. Мембраналар жасуша ішіндегі цитоплазмадағы компартменттерді құрайды. Жасушалық органоидтар – компартменттер ретінде қарастырылады.

Мембраналардың тосқауыл қасиеттері мен иондарды жасуша мен жасушааралық кеңістіктің арасындағы тепе-тең емес үйлестірілуі жасушаның ішіндегі реттеу процестері мен жасушалар арасында сигналдарды электр импульс түрінде өткізу қабілеттігінің негізіне жатады. Механикалық – ішкі жасушалық құрылымдардың беріктігін, автономдығын қамтамасыз етеді. Яғни морфологиялық тұтастықтың және ішкі органоидтардың тұрақтылығы сақталады. Ол мембрананың механикалық құрылымына негізделген.

Энергетикалық– митохондрияның ішкі мембраналарында АТФ синтезі, хлоропласт мембранасында фотосинтездеу (өсімдіктерде). Жасушалың ашық жүйесінде ағып жатқан процестер, бір жағынан энергияны жұмсайды, бірақ та жасуша өзі энергияның қорландыруы мен өндіруіне қатысады. Жасуша химиялық энергияны жинайды да (АТФ түрінде), оны химиялық, электрлік, осмотикалық және механикалық жұмыстарға трансформациялайды. Биоэнергетикалық және биосинтездік функциялар зат алмасуымен байланысты.

Рецепторлық– механикалық, акустикалық, иіс сезу, жылу рецепциясы

 Плазматикалық мембрана. Плазматикалық мембрана жасушаны сыртқы ортадан шектейді. Оның құрамына арнаулы компоненттер кіреді, олар жасуша аралық байланысуларға және әрекеттесулерге қатысады, гормандық жауабы және молекулалардың алмасуы үшін жауап береді. Ядролық мембрана. Интерфазалық қалыптағы жасушаның ядролық мембрананың түрі – екі элементарлы мембрана арасындағы перинуклеарлы кеңістік. Морфологиялық белгісі – саңылаутүрлі құрылымдар (диаметрі–600А). Олар октагоналды торды құрайтын, морфологиялық компоненттерден тұрады. Саңылаулар мРНК-ақуыз комплексіне ядродан цитоплазмаға, ал реттеуші ақуыздарға кері қарай өтуге мүмкіндік береді деп саналады. Эндоплазмалық ретикулум (ЭР) – цистерна және түтікше тәрізді құрылымдардың күрделі желісі. Ол жануарлардың жасушасының ішкі көлемінің едәуір бөлігін қамтиды. Негізгі ролі – ақуыздар биосинтездендірілетін орын, олар содан кейін шығарылады және лизосомаларға не плазмалық мембранаға кіреді. Жасуша үшін қауіп туғызатын гидролиздік ферменттер ЭР-да процессингке ұшырайды. Құрамына рибосомалар кірмейтін, ЭР-ның облыстары майда ЭР болып аталады. Мұнда стеролдардың биосинтезі, детоксикация және май қышқылдардың денатурациясы жүзеге асырылады. Бұл процестер bГольджи аппараты.Бұл органелла жалпақ қаптардан (цистерналардан) тұрады. Негізгі қызметі – эндоплазмалық ретикулумда синтездендірілген, гликопротеиндерді посттрансляциялық модификациялау. Олар содан кейін плазмалық мембранаға кіреді және лизосомаларға жеткізіледі. Бұл органеллалардың құрамына гликозидазалар және гликозилтрансферазалар кіреді, олар ақуыз процессингке ұшырағанда, Гольджи аппаратының басынан (цис-облыс) оның аяғына барады (транс-облыс). Лизосомалар. Бұл органеллалар макромолекулалардың деградациясы үшін жауапты және оның құрамына протеазалар және липазалар сияқты гидролитикалық ферменттер кіреді. Эндоцитозбен және фагоцитозбен алып қалынған заттар лизосомаларға везикулалар арқылы жеткізіледі. Лизосомаларда жасушалық компоненттер ыдырайды. Пероксисомалар. Бұл органеллалардың құрамына тотықтандыратын ферменттер кіреді, олар АМҚ, ксантин және МҚ сияқты кішкене молекулаларды деградацияға ұшыратады. Пероксисомалардың құрамына асқын тотықтарды ыдырататын каталаза кіреді, сондықтан оларды солай атап кеткен.  Митохондриялар. Бұл органеллаларда тотықтандыру фосфорлендіру жүзеге асырылады, оның нәтижесінде сукцинат сияқты субстраттың тотықтануының нәтижесінде АТФ пайда болады. Митохондрияларды екі мембрана құрайды, олардың арасында аралық бар. Митохондриялардың ішкі аймағы матрикс деп аталады. Ішкі мембрана кристалдар деп аталатын далдаларды құрайды, олар электрондардың алмасуы мен АТФ синтезіне қатысады. Хлоропласттар. Құрамына фотосинтездік аппарат кіреді. Құрамы - екі мембранадан тұрады, сыртқы жағы қабық және ішкі жағы строма. Строманың ішінде тилакоидтік мембраналар орналасады, олар фотосинтез процесі үшін жауапты.

Липидтер мен ақуыздар (белоктар) орын алмастырып отырады және олардың мембрана

жазықтығының бойымен орын алмастыруын латеральды диффузия, ал көлденең орын ауыстыруын

флип – флоп деп атайды. Латеральды диффузияға липидтердің жоғарғы бөлігінің қозғалысы, ал

«флип-флопқа» төменгі бөлігінің қозғалысы сәйкес келеді, яғни мембрананың екі жағындағы

Авторлар мембрананың әртүрлі құрылысының моделдерін ұсынды. Сараптамаларға сүйене отырып Даниэль мен Давсон 1935 ж. мембрана құрылымын ұсынды. Бұл моделде бір-біріне перпендикуляр орналасқан фосфолипидтер молекуласының екі қабаты бар. Липидтер молекулаларының гидрофилды жағы сыртқа, гидрофобты –мембрананың ортасына қарай бағытталған. Гидрофобты жағы – бұл полярлы топтар құрамында жоқ, су молекулаларымен қосыла алмайтын бөлігі. Әдетте молекуланың гидрофобты жағы органикалық қышқылдардың қаныққан көмірсуларының тізбегі түрінде болады. Мембрана өз құрылымына қарай жазық конденсаторға ұқсайды, онда астарлары ретінде ақуыздардың беті алынса, ал диэлектриктің ролін липидті қабат орындайды. Жазық конденсатордың формуласын пайдалана отырып, мембрананың гидрофобты және гидрофилді бөліктеріндегі диэлектрик өтімділігін мембрана қалыңдығының шамасының өзгеру шегін біле отырып, бағалауға болады. Қазіргі кезде пайдаланатын 1971 жылы Николсон мен Сингер ұсынған құрылысы екі қабатты липидтерден тұратын биологиялық мембрананың сұйық – мозаикалы моделі болып табылады.

Әдебиеттер:

1.Сайбеков Т.С. Медицинская биофизика для Вузов и колледжей, А.: 2014 г.

2. Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика: учебник 4-ое изд., Москва

ГЭОТАР-Медиа 2018.

3. Көшенов Б.К., Сайбеков Т.С. Медицинская биофизика2014 г.
перейти в каталог файлов


связь с админом