Главная страница
qrcode

412Б деский курация. Педиатриялы к мекті йымдастыру. Жтн, штн 1 есеп


Скачать 219.58 Kb.
НазваниеПедиатриялы к мекті йымдастыру. Жтн, штн 1 есеп
Дата28.09.2021
Размер219.58 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла412Б деский курация.docx
ТипДокументы
#48018
страница7 из 10
Каталог
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10







Билиарлы жолдардың дисфункциясы. Өт шығару жолдарының дисфункциясы. Холециститтер. Курациялық тапсырмалар




№54 ЕСЕП


Қыз бала 12 жасар. Ішінің тұйық, сыздап, тамақ қабылдаған соң 30-45 минут соң байқалатын ауырсынуға, сонымен қатар әлсіздікке, тез шаршайтынына, жиі басының ауыратынына шағымданады. Алғаш рет жоғарыдағы шағымдары 6 ай бұрын пайда болған, бірақ тексерілмеген және ем қабылдамаған.

Бала 1-ші қалыпты өткен жүктіліктен, мерзімінде туылған. 10 жастан бастап невропатологта вегетотамырлық дистония бойынша есепте тұрады. Анасы 40 жаста, 12 елі ішек жара ауруымен ауырады. Әкесі 42 жаста, созылмалы гастродуоденит диагнозы қойылған.

Қарағанда: бой ұзындығы 137 см, салмағы 31 кг. Тері жамылғылары боз, орташа ылғалды. Іші ұлғаймаған. Беткей және терен пальпацияда оң жақ қабырға доғасы астындағы бұлшық еттер керілуі мен ауырсынуы, сонымен қатар эпигастрийде ауырсыну байқалады. Бауыр қабырға доғасынан 1,5 см шығыңқы, бауыр шеті жұмсақ, эластикалық, ауырсынусыз. Ортнер- Греков симптомы оң (+). Өкпе және жүрек жағынан патологиясыз. Нәжісі ретті, қалыптасқан, кейде ашық түсті.

Жалпы қан анализі: Нв-130 г/л, Тк.-0,93, эр-4,6x10
Жалпы зәр анализі: түсі ашық сары, мөлдір, РН- 5,7, тығыздығы 1020, белок жоқ, қант жоқ, эп.кл. аздаған мөлш., л-1-3 к/а, эр- 1 к/а, кілегей- аздаған, тұздар, бактериялар жоқ. Қалыпты

Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок 79 г/л, АлАТ- 30 Б/л (норма 10-120), тимол сынамасы- 4Б, билирубин 17 мкмоль/л, оның ішінде байланысқаны 3 мкмоль/л. Қалыпты

Копрограмма: түсі қоңыр, қалыптасқан. рН- 7,3, бұлшық ет талшықтары аздаған мөлшерде, клетка ішілік крахмал – аздаған, иодофильді флора- аздаған, өсімдікті клетчатка – орташа мөлшерде, кілегей- аздаған, лейкоциттер 1-2 к.а.

Зәр диастазы: 32 бірлік. Қалыпты

Іш қуыс мүшелерің УДЗ-і: бауыр- шеттері тегіс, паренхимасы гомогенді, эхогенділігі күшейген, тамырлық тор кеңеймеген, портальды вена өзгермеген. Өт қабы 85х87 мм (норма 75х30), қабырғалары қалындамаған. Холедоха 3,5 мм (норма 4), қабырғалары қалындамаған. Өт жүргізетін астан соң- от қабы 10%- ке қысқарды.

К/Д: Биллиарлы жолдардың дисфункциялық дискенезиясы.Гипотониялық түрі.

55 ЕСЕП

Ер бала, 13 жасар. Ауруханаға эпигастрий аймағында орналасқан, тамақ қабылдағаннан соң 15-20 минуттан соң пайда болатын және 30 минуттан бірнеше сағаттарға созылатын ішінің ауыруы, тәбетінің төмендеуі, жүрек айнуы, аузында ашқылтым сезім білінетіне шағымданып түсті. Осыдан 2 жыл бұрын, жоғарыдағы шағымдары пайда болған, бірақ ем қабылдамаған. Стационарға түскенге дейін 2 апта бұрын, балада абдоминальды синдром дамып, ауруханаға жатқызылған.

Анасы 40 жаста, созылмалы холециститпен ауырады. Әкесі 42 жаста, 12 елі ішек жара ауруы анықталған. Әжесінде (анасы жағынан) калькулезды холецистит, ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы).

5 жасында бала ішек инфекциясымен ауырған. Ретсіз тамақтанады. Кептірілген, қуырылған, майлы тағамдар, торттар жиді.

Қарау: Кеудесі мен арқасының тері жамылғыларында бірен саран тамырлы жұлдызшалар элементтері бар. Іші ұлғаймаған, терең пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады.

Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы, жұмсақ, эластикалы, аздап ауырсынады. Ортнер симптомы теріс (-). Басқа мүшелер бойынша өзгеріссіз.

Жалпы қан анализі: Нв-140 г/л, Т.к.-0,93, эр-4,5x10
Жалпы зәр анализі: түсі ашық –сары, мөлдір. рН-5,5, тығыздығы- 1020, белок- жоқ, қант- жоқ, эп.кл.- аздаған, л- 0-1 к/а, эр.-0, кілегей- аздаған, тұз, бактерия жоқ. Қалыпты

Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок- 80 г/л, АлАТ-40 бірлік, АсАТ-40 Б/л, СФ-158 Б/Л( норма 70-140), амилаза-93 Б/Л (норма 10-120), тимол сынамасы- 4 Б, билирубин 18 мкмоль/л, оның ішінде байланысқан 2 мкмоль/л. Сілтілі фосфатаза жоғары

Эзофагогастродуоденоскопия: өңеш кілегейі қызғылт, кардия жабылады. Асқазан кілегейі антральды бөлімде қызарған, буылтығы орташа мөлшерде, ісінген, қызарған. Постбульбарды бөлімдер өзгермеген.

Құрсақ қуысы мөлшерінің УДЗ: бауыр- шеттері тегіс, паренхимасы гомогенді, эхогенділігі күшеймеген, тамырлы сурет кеңеймеген, портальды вена өзгермеген. Өт қабы әдеттегідей, қабырғасы 5-6 мм (норма 2 мм), қабырғаларының қабаттылығы айқын, шеттері тегіс емес. Холедох 5,5 мм-ге дейін (норма 4), қабырғалары қалындаған. Өт қабының қабырғасы қалыңдаған.Холедох қабырғасы қалыңдаған

К/Д: Созылмалы холецистохолангит в стадии обострения

56 ЕСЕП
Ер бала 12 жасар, оң жақ қабырға астында орналасқан оң жақ жауырынға және бел аймағына тарайтын іштің қатты ауруына, жүрек айнуына және қабылдаған тамақты бірнеше рет құсуына шағымданады.

Іштің ауыруы маймен бутерброд, жұмыртқа, кофеден тұратын таңертенгілік астан 15 минуттен кейін пайда болады. Осындай ұстама 7 ай бұрын байқалған. Нәжісі кезенді түрде түссізденген.

Бала 1-ші жүктіліктен, мерзімінде туылған, туғандағы салмағы 7500 г, бой ұзындығы 55 см. 9 айға дейін табиғи тамақтандырылған.

Анасы өт-тас ауруымен ауырады (холецистэктомия жасалған), әкесінде созылмалы гастродуоденит, әжесінде (анасы жағынан)- калькулезды холецистит.

Қарағанда: дене бітімі толық. Терісі аздап сарғайған, склерасы субэктериялық. Тыныс мүшелері мен жүрек қан тамырлар жүйесі патологиясыз. Іштің беткей пальпациясында іштің оң жақ бөлігінің бұлшық еттерінің ригидтілігі анықталады.

Перкуссия: бауыр шеті +1+2 см. Өттік симптомдар: Мерфи (+), Ортнер (+), Френикус (+).

Жалпы қан анализі: Нв-130 г/л, эр-4x10
Жалпы зәр анализі: түсі ашық сары, толық. РН- 6,5, тығыздығы 1025, белок жоқ, қант жоқ, л-2-3 к/а, эр-жоқ, өт пигменттері (+++).өт пигменттері бар

Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок 75 г/л, альбумин- 55%, глобулиндер: α
Іш қуысы мүшелерінің УДЗ-уі: Бауыр- контуры тегіс, паренхимасы гомогенді, эхогендігі арытқан, тамырлық тор кеңеймеген, портальдық вена өзгермеген. Өт қабы- қабырғасы 6 мм-ге дейін (қ-2), мойны аймағында, аукистикалық көлеңке беретін мөлшері 10-12 мм-ге дейін баратын, гетероэхогенді құрылым анықталады.

Ұйқы безі: Эхогендігі гетерогенді, басы- 19 мм (қ-18), денесі- 15 мм (қ-15), құйрығы- 20 мм (қ-18). Норма сияқты кішкене ұлғайған

К/Д: Өт-тас ауруы,ұстамалы периоды,калькулезді холецистит


57 ЕСЕП

Ер бала 9 жаста. 1,5 жыл бойы арқасына иррадиацияланатын немесе белбеу тәрізді орау сипаты бар, сол жақ қабырға астында, кіндік аймағында ауырсынуға шағымданады. Ұстама көп мөлшерде тамақ ішкеннен кейін пайда болады. Соңғы ұстама ауруханаға жатар алдында 2 тәулік бойына созылған. Үлкен дәреті тұрақсыз, жиі сұйық, көп мөлшерде болады.

Бала мерзіміне жетіп туылған. 8 айға дейін табиғи қоректенген. Аллергоанамнезі ерекшеліксіз. Алдын- ала егулерін уақытына алған. Анасы 34 жаста, гастритпен ауырады, әжесі (анажағынан) холецистопанкретитпен, қант диабетімен ауырады.

Қарау: бой ұзындығы 136 см, массасы 26 кг. Терісі бозғылт- қызыл, таза. Жүрек- тондары анық, ырғақты, ЖСЖ- 92 рет/мин, АҚҚ- 96/60 мм.с.б. Іштің жоғары бөлігінде, кепкен, терең пальпацияда эпигастрий және Шоффар аймағында, Дежарден, Мейо- Робсон нүктелерінде ауырсыну сезімі байқалады. Бауыры қабырға доғасының нүктелерінде ауырсыну сезімі бар. Бауыры қабырға доғасының бойында. Өт қабының белгілері әлсіз анықталады.

Жалпы қан анализі: Нв-124 г/л, т/к- 0,88, эр-4,2x10
Жалпы зәр анализі: түсі ақшыл сары, мөлдір, рн-6,0, меншікті салмағы -1021, белок жоқ, қант жоқ, л-2-3 к/а, эр-жоқ. Қалыпты

Биохимиялық қан анализі: жалпы белок- 78 г/л, альбуминдер -52%, глобулиндер: α
Несеп диастазы: 128 Б (қалыпты 32-64).

Іш қуыс мүшелерінің УДЗ: бауыры ұлғаймаған, паренхимасы гомогендік, эхогенділігі қалыпты, бауырдың қан тамырлары кеңеймеген. Өт қабы 58х35 мм (қалыпта 50х30), мойын аймағында иілу, қабырғалары қалындамаған, құрамы гомогендік. Өт қабы ұлғайған

Ұйқы безі: басы 2,2 мм (қалыпты 16), денесі 18 мм (қалыпты 14), құйрығы 26 мм (қалыпты 18), гиперэхогенді қосылыстары бар, ұйқы безінің капсуласы тығыздалған. Панкреатит

Ретрограттық холепанкреатография: бауырдан, тыс және бауырішілік түтіктері кеңеймеген. Өт қабының түтігі ұзындығы және диаметрі өзгермеген. Вирсунг түтігі дилатацияланған, кеңейген, жалпы өт түтігімен жалпы ампуласы бар.

К/Д:Созылмалы холецистит,реактивті панкреатит

58 ЕСЕП
Ер бала 11 жаста, ауырғанына 1 тәулік болған. Мектепте үзіліс кезінде ішіне тепкеннен кеңеттен, ұстама тәрізді ішінің ауырсынуы пайда болды, ауырсыну арқасына беріледі, түнде бірнеше рет қайталап құсу, жүрек айну болған. Іш бүлігі диагнозын хирург теріске шығарып, осы бөлімге аударылды.

Жанұяда бірінші бала, мерзіміне жетіліп туылған, өсуі мен дамуы жасына сай, алдын ала егулерін уақытында алған, аллергоанамнезі ерекшеліксіз.

Жанұялық анамнез: Ата аналарының дені сау, атасы тік ішектің қатерлі ісігінен қайтыс болған.

Қарау: Бала мазасыз, аяқтары бүгілген. Терісі боз, сұр түсті. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ минутына 100 рет. АҚҚ 95/60 мм, іші кепкен. Кіндік аймағында, Дажарден, Мейо- Робсон нүктелерінде, Шоффар зонасында, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі бар. Бауыры ұлғаймаған.

Жалпы қан анализі: Нв-125г/л, эр-4,1x10
Жалпы зәр анализі: түсі ақшыл сары, мөлдір, РН- 6,0; меншікті салмағы -1023; эр жоқ; тұздар –аз мөлшерде, оксалаттар. қалыпты

Биохимиялық қан анализі: жалпы белок- 75 г/л, альбуминдер- 52 %, глобулиндер: α
Несеп диастазы: 256 Б (қалыпты 32-64). 256 Б (қалыпты 32-64) деңгейінің жоғарылауы сілекей бездерінің және ұйқы безінің,құрсақ қуысы мүшелерінің зақымдануының белгсі болып табылады.

Іш қуыс мүшелерінің УДЗ-і: бауыры ұлғаймаған, паренхимасы гомогенді, эхогенділігі қалыпты, бауыр тамырлары кеңеймеген. Өт қабы алмұрт пішінді 53х32 мм, денесінің ортаңғы 1/3 аймағында иілу, құрамы гомогендік. Асқазан ішінде құрамы гомогенді құрылым бар, қабырғасы қалындамаған. Бауыры қалыпты,өт қабының иілуі,өт жолында ұйындылар

Ұйқы безі: басы-29 мм (қалыпты 18), денесі-21мм (қалыпты 15), құйрығы- 28 мм (қалыпты 19), эхогенділігі төмендеген. ұйқы без қабыну белгілері байқалады,басының,денесінің, құйрығының ұлғаюы, эхогенділігінің төмендеуі.Панкреатит
К/Д: посттравматикалық панкреатит,холецистит,өршу сатысы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

перейти в каталог файлов


связь с админом