Главная страница
qrcode

412Б деский курация. Педиатриялы к мекті йымдастыру. Жтн, штн 1 есеп


Скачать 219.58 Kb.
НазваниеПедиатриялы к мекті йымдастыру. Жтн, штн 1 есеп
Дата28.09.2021
Размер219.58 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла412Б деский курация.docx
ТипДокументы
#48018
страница1 из 10
Каталог
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Педиатриялық көмекті ұйымдастыру. ЖТН, ШТН

1 ЕСЕП

Р. есімді қыз бала, 5 күндік. Бірінші жартысындағы жеңіл токсикозбен өткен бірінші жүктіліктен, мерзімінде туылған. Туғандағы дене салмағы 3100 г, дене ұзындығы 58 см, Апгар шкаласы бойынша 8/9 балға бағаланған. Бірден айқайлаған, емізуге туғаннан 6 сағат кейін берілген. Бақылау кезінде өмірінің келесі күндері жағдайы қанағаттанарлық.

Алғашқы күндері салмақ жоғалтқан, төртінші тәулікте дене салмағы 2950г. Бесінші күні сүт бездерінің ісінуі байқалған.

Бесінші күні қарағанда жағдайы қанағаттанарлық , жақсы емеді, белсенді, дене салмағы 3000г, физиологиялық рефлекстері анықталады, бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық . Тері жамылғысы қызғылт, бет терісінде, әсіресе, мұрын қанаттары мен қырында ақшыл-сары ұсақ түйіндер бар, кеуде бездері 2 см-ге дейін ұлғайған, қысқанда ақ-сүтті сұйықтық бөлінеді, кіндік жарасы таза. Өкпеде пуэрильді тыныс, жүрек тондары айқын, іші жұмсақ , ауырсынусыз, бауыры қабырға доғасынан 1 см шығып тұр, аздаған тығыздықта, талағы пальпацияланбайды. Нәжісінде қорытылмаған бөлшектер мен кілегей талшықтар байқалады.

Жалпы қан анализі: Нв-186г/л, Эр-5,6×10Қалыпты


Жалпы зәр анализі: түсі-сарғыш, реакциясы-қышқыл, меншікті салмағы-1004, белок-жоқ, жазық эптелий-көп, лейкоциттер-2-3к/а, эритроциттер-4-5к/а, цилиндрлер-жоқ, тұздар-кристалдар. Қалыпты

Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок-52,4г/л, тіке емес билирубин-51мкмоль/л, тіке-жоқ, мочевина-4,2ммоль/л, холестерин-3,6ммоль/л, калий-5,1ммоль/л, натрий-141ммоль/л, кальций-2,2 ммоль/л, фосфор-1,9ммоль/л. Қалыпты

К/Д: жаңа туған нәресте транзиторлы гормональды криз, физиологиялық дене салмағын жоғалту, жаңа туған нәрестедегі ішек дизбактериозы

2 ЕСЕП
О. есімді қыз бала, 4 күндік, перзентханада жатыр.

Анамнезінен 1-ші жартысында токсикозбен өткен бірінші жүктіліктен мерзімінде туған бала екені анықталған. Туғандағы дене салмағы 3100 г, дене ұзындығы 51 см. Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Бірден айқайлаған, емізуге туғаннан 2 сағаттан соң берілген, жақсы емген. Үшінші тәулікте тері жамылғысының шамалылау сарғайғаны байқалған.

Төртінші күні қарағанда жағдайы қанағаттанарлық , жақсы емеді, айқайы қатты. Тері жамылғысы таза, аздаған сарғыштық байқалады. Кіндік жарасы таза, өкпеде пуэрильді тыныс, жүрек тондары үнді, іші жұмсақ , бауыры қабырға доғасынан 1 см шығып тұр, талағы пальпацияланбайды. Нәжісі сары түсті. Физиологиялық рефлекстері анықталады, бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық.

Анасының қан тобы А (2) Rh-оң

Баланың қан тобы- О (1) Rh-оң

Жалпы қан анализі: Нв-196г/л, Эр-5,9×10Қалыпты


Жалпы зәр анализі: түсі-сарғыш, реакция-қышқыл, меншікті салмағы-1004, белок-жоқ, жазық эптелий-аздаған, лейкоциттер-2-3к/а, эритроциттер-жоқ, цилиндрлер-жоқ. Қалыпты

Қанның биохимиялық анализі өмірінің 4-ші күні: жалпы белок-52,4г/л, билирубин: тіке емес-140мкмоль/л, тіке-жоқ, мочевина-4,2ммоль/л, холестерин-3,6ммоль/л, калий-5,1ммоль/л, натрий-141ммоль/л, АЛТ-25ммоль/л, АСТ-18ммоль/л. Физиол-қ гипербилурубенемия

К/Д: мерзімі жетіп туылған нәресте, физиол-қ сарғаю

Неонатальды кезеңдегі іріңді- септикалық аурулар


1 ЕСЕП

Бала өмірінің 9-шы тәулігі, жүктіліктің 34-ші аптасында туылған, туғандағы салмағы 2270, бойы 44 см, жағдайы нашарланған. Енжарлығы мен гипотония үдеген, 40 г салмақ жоғалтқан, бір рет «кофе қоюы» тәрізді құсу болған.

Қарағанда тері жамылғысы бозғылт, сұр түсті, бірен-саран петехиальды бөртпе элементтері бар. Кіндік венасы пальпацияланады. Тынысы-аритмиялы, тахипноэ апноэмен кезектеседі. Аускультацияда өкпесінде тынысы әлсіреген, крепитациялық сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, V нүктеде қысқа систолалық шу естіледі. ЖСЖ-минутына 160 рет. Іші кепкен, бауыры +3,0 см, талағы +1,0 см қабырға доғасынан шығып тұр. Нәжісі кілегейлі және жасыл түсті.

Неврологиялық жағдайы: көзалмасы «жүзеді», ірі амплитудалы көлденең нистагм. Ембейді, жұтынбайды. Мәжбүр қалыпта, басын кейін қарай шалқайтады. Тізе-білек бүккіш бұлшықетінің гипертонусы анықталады, шүйде бұлшықеттерінің қатаюы жоқ. Үлкен еңбегі 1x1 см, керілмеген.

Қанның жалпы анализі: Нв-150г/л, лейк-26,3x10 Лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған


Қанның қышқылдық-сілтілілік жағдайы: рО2-36,2 мм с.бағ., рСО2-44,6 мм с.бағ., рН-7,33, ВЕ-10,2 ммоль/л. Гипоксемия, ацидоз

Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок-60,0 г/л, глюкоза-5,5 ммоль/л, калий-4,28 ммоль/л, натрий-132,1 ммоль/л, кальций-0,73 ммоль/л (иондалған). қалыпты

Микрофлорға себу -аранынан Кандида туыстас саңырау құлақ, алтын түсті стафилококк, құйрығынан-алтын түсті стафилококк өскенің көрсетті. кандидамикоз

Жалпы зәр анализі: реакция қышқыл, белок-0,66, лейкоциттер-барлық көру аймағында, түйіршікті цилиндрлер-3-5 к/а. Протеинурия, пиурия, лейкоцитурия

Рентгенограмма: жалпы кебу фонында өкпе суретінің қоюланғаны, оң жағында көкет үстінде және сол жағында жоғары бөлігі деңгейінде тығыздалу анықталады. Осы тығыздану деңгейінде фестонды, сақина тәрізді қараю (қуысқа күмән) бар. Түбірі бір текті. Жүрек шегі әлсіз көрінеді. Синустары бос. Өкпе абсцесі
К/Д: кеш неонатальды сепсис, /бактериальды түрі/, септикопиемия, өкпе абсцесі.
2 ЕСЕП

Пневмонияны емдеу мақсатында ұзақ уақыт антибактериальды ем алған шала туған нәрестенің 1 ай 10 күндігінде жағдайы нашарлаған. Оперкулярлы пароксизм түрінде (бір түрлі сору және шайнау қимылдары, тілін шығару), құрысу пайда болған. Бас шеңбері өскен (+6 см 1 ай 10 күнде). Оң жақ қолында қозғалыс белсеңділігі жоғалған.

Терісі бозғылт, мрамор суретті, боксесінде эритематозды фонда папулезды бөртпе бар. Ауыз қуысының кілегей қабатында қиын алынатын ақ жабынды байқалады. Тынысы пуэрильді, барлық бөлімдерінде естіледі, сырылдар жоқ. ТЖ-40 рет минутына, жүрек шекарасы: оң жағы төстің оң жақ шеті; сол жағы бұғана ортасы сызығынан +1 см ішке қарай. Жүрек тондары айқын, ырғақты. ЖСЖ-120 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан +3 см, талағы +1 см тұр. Дәреті күніне 2 рет, ботқа тәрізді. Диурезі өзгермеген.

Қанның жалпы анализі: Нв-112г/л, эр-3,5x10/л, ТҚ-0,89, лейк-10,3x10/л, т/я-2%, с/я-33%, э-3%, л-52%, м-10%, ЭТЖ-15мм/сағ. Қалыпты

Жалпы зәр анализі: мөлдірлігі-лайлы, лейкоцит-10-12 к/а, белок және глюкоза жоқ, Candida туыстас саңырауқұлақ көп. Лайланған, лейкоцитурия

Ликворды зерттеу (тенториальды пункцияда сол және оң жақ қарыншалардан алынған): ликвор лайлы, ақ түйіршіктер қалқып жүр,
цитоз 400,0,/нормада 15-20/,белок-2,08 г/л (норма 0,49-0,80).
Бактериальды ортаға ликворды себу: стерильді.

Саңырауқұлаққа ликворды себу: Candida albicans туыстас саңырауқұлақтар себілді.

К/Д: постнатальды сепсис, кандидозды менингоэнцефалит, ауыз қуысының және терінің кандидозы, гидроцефалия

3 ЕСЕП

8 күндік бала Олег, патология бөліміне перзентханадан ОНЖ перинатальды зақымдалуы, іріңді омфалит, шала туғандық диагнозымен келіп түсті. Бала 3-жүктіліктен, жүктіліктің 3-ші үшайлығы нефропатия, кольпитпен өткен. 1-ші жүктілік мерзімінде босанумен аяқталған, 2-ші-өздігінен түсік болған. 2 босану 36-37 апталықта уақытынан бұрын болған. 1-ші жүктілікте босану әлсіздігіне және сусыз аралық кезеңнің 11 сағатқа созылуына байланысты кесар тілігі жасалған. Туғандағы дене салмағы 2550г, ұзындығы 46см. Апгар шкаласы 6-7 балл. Емізуге 4-ші күні берген, әлсіз емген. Бірінші салмақ жоғалту 260г, одан әрі салмақ қисығы жазық, кіндік қалдығын хирургиялық өндеу 2-ші күні жасалған, кіндік жарасы ылғалды, 7-ші күні іріңді бөліністер байқалып, бала стационарға аударылған.

Түскен кездегі жағдайы өте ауыр, айқайы өздігінен. Беті қайғырған, қозғалыс активтілігі төмендеген. Ембейді, жылуды нашар ұстайды, дене қызуы 35,9С. Шала туғандық белгілері анықталады. Тері жамылғысы бозғылт, сұрғылт ренді, ауыз мұрын цианозы, акроцианоз байқалады. Кіндік айналасы ісінген, салыстырмалы гиперемияланған, кіндік жарасынан-аздаған іріңді бөліністер анықталады. Тері асты шел қабаты нашар дамыған. Аяқтарында және іштің алдыңғы бетінде склерема анықталады. Кезеңді түрде апноэ байқалады. Қосымша бұлшық еттердің қатысуымен ентігу бар, ТЖ-64 рет минутына, перкуторлы өкпе бетінде қорапты дыбыс естіледі.

Аускультацияда қатқыл тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, РS-176 рет минутына, іші аздап кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3см түсіңкі, тығыз, талағы 1см түсіңкі, тығыз-эластикалық консистенциялы.

Нәжісі қорытылмаған, кілегей аралас, зәр шығаруы сирек.

Неврологиялық статуста: арефлексия, клоникалық құрысулар, басын артқа шалқайтады, шүйде бұлшық етінің (регидтілігі) тартылуы байқалады..үлкен еңбегі 2,5x2,5см, керілген.

Жалпы қан анализі: Нв-140г/л, Эр-4,1×10 Анемия, лейкопения, тромбоцитопения, солға ығысқан нитрофилез.

Жұлын сұйықтығын зерттеу: мөлдірілігі-лайлы, белок—0,90г/л, Панди реакциясы ++++, цитоз-5960,0 нейтрофилдер-82%, лимфоциттер-18%. Нейтрофильді плеоцитоз /Жулын ми суйыктыкта жасушалар кобею/

к\д: шала туылған нәресте, постнатальды кіндіктік сепсис, іріңді менингит, анемия.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

перейти в каталог файлов


связь с админом