Главная страница
qrcode

тест 10-11 класс оку сауаттылыгы. О у сауаттылы ы тек бір ана жауабы д рыс. Жалпы 20 с ра 20 балл. 1-м тін


Скачать 23.99 Kb.
НазваниеО у сауаттылы ы тек бір ана жауабы д рыс. Жалпы 20 с ра 20 балл. 1-м тін
Дата18.09.2021
Размер23.99 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлатест 10-11 класс оку сауаттылыгы.docx
ТипДокументы
#47868
Каталог

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ

Тек бір ғана жауабы дұрыс. Жалпы 20 сұрақ – 20 балл.
1-мәтін

Бауырсақ

Шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та, ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді. Қамырды жазып, төрт бұрыштап немесе жіңішкелеу кеседі. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, біркелкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.
«Шикі» сөзіне қарсы мәндес сөз
A) шала

B) піскен

C) піспеген

D) қамыр

E) ашытқы

    Бауырсақ қай жағдайда көпке шыдайды?
    A) ашытпай пісірсе

    B) ашытып пісірсе

    C) бетін жауып қойса

    D) оты қатты жанса

    E) үздіксіз араластырмаса
    2-мәтін
    Ерте замандардың бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бұл күнде құм арасында қалған бір қаланы қоршап алыпты. Қорғаннан өте алмаған жау қалаға келетін ауыз суды тоқтатып, қамаудағы халықтың берілуін күтіпті. Қала жым-жырт. Бірнеше күн өтсе де, қалаға кіргізер нышан байқалмапты. Сонда дұшпанның әскербасы жарлық шығарған:

    – Қаладан көтергенінше зат алып әйелдердің кетуіне рұқсат!

    «Ерлері жоқ әйелдер бәрібір ұрпақ өрбітпейді, бұл халықты осылай құртамыз», – деп жау өз үкіміне масайрапты.

    Қаланың байлығын таласа-тармаса бөліскен жау енді еркек атаулыны құрту үшін азаматтарды іздесе, қаланың бірде-бір үйінде жан жоқ!

    Әйелдер бір-бір ер азаматты қапқа салып алып кеткен екен. Кішкене қыздар ер балаларды, кемпірлер шалдарды көтеріп кетіпті. Бір халық осылай аман қалыпты дейді.

    (Фариза Оңғарсынова)

      Мәтіндегі масайрады сөзіне мағыналас сөзді белгілеңіз.
      А) дәріптеді

      В) бұйырды

      С) балағаттады

      D) мақтанды

      E) шегінді

        Мәтін қай қатарға жатады?
        А) эссе

        В) роман

        С) проза

        D) аңыз

        E) мақала
          Мәтінге сай тақырыпты белгілеңіз.
          А) Дұшпандардың қулығы

          В) Қорғансыз халық

          С) Қапыда қалған жау

          D) Әйелдер мен еркектер

          E) Тоналған қала
            Мәтіннің тұжырымы:
            А) Еркектер ақылды

            В) Әйел қулығы 40 есекке жүк

            С) Айлалы дұшпан

            D) Табиғат заңы

            E) Халық қорғаны
            3-мәтін







































                            1. 4-мәтін

                              Сарышұнақтар
                              Жабайы табиғатта сарышұнақтардың қимыл-қозғалысын бақылау – өте қызықтырарлық шаруа. Бұл кеміруші асқан сақтықпен жүреді. Күндіз інінен шығып, артқы аяқтарына тұра қала, айналасына қарауы еріксіз езу тарттырады. Сарышұнақтардың жақсы жақтарынан бөлек, жаман жақтары да бар. Мәселен, олар егістікті құртатын зиянкестерге айналуы мүмкін, немесе эпидемия таратушылар болуы, мысалы, жануарлар арасында оба таратуы мүмкін.
                                Солтүстік жартышар, қоңыржай ендігі және тіпті, Полюс шеңберінің кейбір жерлері – сарышұнақтар мекендейтін жерлер. Қыр дала мен ормандар, көгалдар мен орман тундралары бұл кішкентай кеміргіштерге пана болады. Бір қызығы, көгалдарды мекендейтін сарышұнақтар, солтүстіктің суық климатынан қорықпай, жиі Полюс шеңберінен тыс тұрақтайды. Ал қыр даланың кеміргіштері жартылай шөлейт, шөл және теңіз деңгейінен 3500 м биік тау телімдерін ұнатады. Бір жағынан сарышұнақтардың сақтығын олардың мекендеу орнымен түсіндіруге болады, олар көбіне ашық ландшафтарды мекендейді.
                              1. Әрине, сақ сарышұнақтардың үйіне жақындау оңай емес. Бірақ, кейде далалы аймақтарда сұр «бағандарды» көруге болады, сарышұнақтар осылайша қауіптің жақындауына әрекет етеді. Сыртқы түріне қарасаң, үлкен сарышұнақ тиінге ұқсайды. Бұлардың созыңқы тұрқы 14-40 см, құйрығы шағын, ұзындығы денесінің жартысына сирек жетеді, құлақтары қысқа әрі толықтай жалаң, көздері үлкен және артқы аяқтары алдыңғыларына қарағанда ұзынырақ. Жалпы түсі — сарғыш-сұр, жотасы қоңырқай тартқан, жүні жұмсақ, қалың.
                              2. Шөпқоректі сарышұнақтар қорек іздеуде індерінен ұзақтамайды. Олар қолжетімді өсімдіктерді маңынан табады және оның жемісі мен жапырағын да, тамырын да ұнатады. Алайда, сарышұнақтардың тірі азығы да бар, олар – аулайтын не інінің қасынан табатын ұсақ жәндіктер. Көгалды мекендейтін сарышұнақтар жақын жердегі сұлы, жүгері, арпа егістіктерімен қоректенгенді ұнатады. Бұл кеміргіштер зиянкестер деген атқа ие. Даланың сан түрлі шөптерінен бөлек, бұл аңдар кейде жабайы жидек бұталаларына тап болады. Және жидектерді сүйсіне жейді. Сарышұнақтардың кейбір түрлері, мысалы, ұзын құйрықты сарышұнақтар әртүрлі өлексе, тіпті ас үй қалдықтарын жегенді ұнатады. Сонымен қатар, олар өсімдікке қарағанда, аң етін қуана жейді.
                              3. Сарышұнақтар жылына бір рет балалайды, ал олардың ұрпақтары саны бойынша екіден он екіге дейін жетеді. Жүктілігі бір айға дейін созылады, ал өмір сүру салты орташа өсімталдыққа алып келеді. Сарышұнақтар зағип және жалаң төлдерді, көбіне көктемде алып келеді. Он күннен кейін төлдерінің жоталарында алғашқы қылшық пайда болады, ал тағы да бірнеше тәуліктен кейін олар толықтай жүндейді. Үш ай – жас өркеннің өсіп жетілуі және бағынышсыз өмір сүруі үшін қалыпты жас. Балалары аналарының інін, әдетте күзде тастайды.
                                (
                                  Мәтіндегі ақпаратты сәйкестендіріңіз:
                                  көбею
                                1. мекені
                                2. сипаты
                                3. қоректенуі
                                  A) 1 – a, 2 – b, 3 – c, 4 – d

                                  B) 1 – a, 2 – b, 3 – c, 4 – d

                                  C) 1 – b, 2 – c, 3 – d, 4 – a

                                  D) 1 – c, 2 – d, 3 – b, 4 – a

                                  E) 1 – d, 2 – a, 3 – b, 4 – c
                                    Сарышұнақтардың тірі азығы:
                                    A) Қыр дала

                                    B) Ормандар

                                    C) Полюс шеңбері

                                    D) Ұсақ жәндіктер

                                    E) Жидектер
                                      Сарышұнақтардың зияны туралы дұрыс ақпарат:
                                      1. Эпидемия таратады

                                      2. Егістікті құртады

                                      A) тек біріншісі

                                      B) тек екіншісі

                                      C) екеуі де бұрыс

                                      D) екеуі де дұрыс

                                      E) зияны жоқ
                                        Зағип сөзіне мәндес сөз белгілеңіз:
                                        A) керең

                                        B) саңырау

                                        C) соқыр

                                        D) сақау

                                        E) құныс

                                          Жас сарышұнақтар өз індерін қай кезде тастап кетеді?
                                          A) жаздыгүні

                                          B) көктемде

                                          C) қыста

                                          D) тастамайды

                                          E) күзде


                                          Құрастырушы: Республикалық «KAZBILIM» орталығы

                                          ©Авторлық құқық толығымен сақталған

                                          Байланыс нөмірі: +7 776 4318008


                                          перейти в каталог файлов


связь с админом