Главная страница
qrcode

1. Менің қайғым- 1 бөлімі (2). оректік заттарды сі ірілуі ж не метаболизмі (норма) -модулі бойынша кейс


Скачать 20.66 Kb.
Названиеоректік заттарды сі ірілуі ж не метаболизмі (норма) -модулі бойынша кейс
Дата13.07.2021
Размер20.66 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла1. Менің қайғым- 1 бөлімі (2).docx
ТипДокументы
#47437
Каталог

«
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
«Қоректік заттардың сіңірілуі және метаболизмі (норма)» -модулі бойынша кейс

Биохимия, қалыпты физиология, анатомия, гистология, қоғамдық денсаулық сақтау кафедралары

Менің қайғым


Бөлім

30 жастағы ер адам – Акин, іштің ауырсынуымен күреседі. Өзінде жараның болуы мүмкін деп күдіктенген Акин, оған қарсы рецептсіз көптеген түрлі емдеу әдістерін қолданып көрсе де, ештеңе көмектеспеді. Шарасыздықтан Акин – ас қорыту жүйесінің ауруларын емдейтін дәрігер-маман – гастроэнтерологтың қабылдауына жазылады. Дәрігер Джонс та ас қорыту жүйесінің шырышты қабығының эрозиясы болып табылатын жараға күдіктеніп, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігін – эндоскопия әдісімен тексеруді тағайындайды. Тексеру эндоскоптың жіңішке түтігін асқазан-ішек жолдары арқылы он екі елі ішекке дейін енгізу арқылы жүргізіледі. Түтікке жарық пен камера бекітілген, бұл операторға ас қорыту жолының жоғарғы бөлімінің мүшелерін тексеруге мүмкіндік береді.

Эндоскопиялық тексеру барысында дәрігер Джонс он екі елі ішекте орналасқан екі үлкен жараны, сонымен қатар, асқазандағы шығыңқы қатпарларды байқайды. Доктор Джонс, науқаста асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауын анықтай отырып, бұл белгілер – гастриннің секрециясының жоғарылауымен сипатталатын ісік - гастриномадан туындаған сирек кездесетін ауру Золлингер-Эллисон синдромына (ZES) тән деп болжам жасайды.

Ісік әдетте ас қорыту жолының дуоденалды аймағында орналасады, кейде, ұйқы безінде де кездесуі мүмкін.

Гастриннің мөлшерінің шамадан тыс артық болуы, асқазанда қышқылдың көп бөлінуіне себеп болады. Бұл өз кезегінде шырышты қабықтың бұзылуына/ шырышты қабықтың жарасына және қышқыл бөліп шығаратын жасушалардың гиперплазиясына (пролиферациясына) әкелуі мүмкін.

Гистологиядан талқылауға арналған сұрақтар:
Асқазанның пилорикалық бөлімінің қабырғасы және бездерінің құрылыс ерекшеліктері
  • Асқазан түбінің қабырғасы және бездерінің құрылыс ерекшеліктері
    перейти в каталог файлов


  • связь с админом