Главная страница
qrcode

Cитуациялы есеп 1


Скачать 44.69 Kb.
НазваниеCитуациялы есеп 1
Дата07.04.2021
Размер44.69 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла5есеп.docx
ТипДокументы
#46203
Каталог

Cитуациялық есеп №1
Науқас 32 жаста. Ұзақ жылдар бойы іштегі ауру сезімі, іштің кебу және кернелуі, әсіресе эмоционалды жүктемеден кейін іш қату мен іш өтудің кезектесуі мазалайды. Объективті: тіл түбірі маңында ақ жабындымен көмкерілген. Іші кепкен, пальпацияда кіндік аймағы және тоқ ішек бойымен ауру сезімді, соқыр ішек маңында шашырау және құрылдау. Бауыр және көкбауыры ұлғаймаған. Қан анализінде: : Hb - 128 г/л, лейкоциттер – 6,8х109/л, ЭТЖ -12 мм/сағ. ЖЗА-қалыпты.

Болжам диагнозды құрастырыңыз.
  • Қажет қосымша зерттеу әдістерін көрсетіңіз.
  • Емдеу тактикасы.

    Жауаптары:
    Болжам диагноз: тітіркенген ішек синдромы
  • Қажет қосымша зерттеу әдістері:Колоноскопиямен бірге биопсия.Рентгенологиялық зерттеу(ирригоскопия).Құрсақ қуысы УДЗ,АІЖ баска патологияны алып тастау үшін.ФЭГДС жіңішке ішектің биопсиясымен бірге,целиакия емес екеніне көз жеткізі үшін
  • Емдеу тактикасы:
    Медикаментозды емес терапия:диета,стресстік факторларды жою,наукасты акпараттандыру,дәрігер мен наукас арасында сенімді карым-катынас орнату.

    Медикаментозды терапия:

    Ауыру сезімі күшейгенде спазмолитиктер беру(дротаверин 2таб. куніне3-4 рет,мебеверин).Диареяны емдеу үшін лопирамид,адморбенттер тагайындау.Айкын метеоризм кезінде симетикон 2 капсулдан куніне 3 рет кабылдау.Егер дисбактериоз болса антибактериальды препарат береміз,сосын пробиотиктер береміз


    Cитуациялық есеп №2
    Науқас К., 20 жаста, тәулігіне 4-6 ретке дейін қан және шырыш аралас сұйық дәретке, жалпы әлсіздік, салмақ жоғалту, тізе және табан буындарындағы ауру сезіміне шағымданып стацонарға түсті. Өзін 2 ай көлемінде формасы бар нәжіс бетінде қан ұйындыларын байқағаннан бастап ауру деп есептейді. Ауруханаға түсер алдында 2 апта бұрын қан және шырыш аралас сұйық дәрет пайда болды, 10 күн бойы антибиотиктер және лоперамид қабылдаған. Жағдайы нашарлай түсті: үлкен дәреті тәулігіне 4-6 ретке дейін жиіледі, дефекация алдындағы іштегі ауру сезімі қосылды, жалпы әлсіздік пайда болды, 2 кг-ға арықтады.

    Объективті: жағдайы орташа ауырлықты, тері жабындылары және шырышты қабаттары қалыпты түсті, тілі ылғалды, ақ жабындымен көмкерілген; перкуторлы өкпе шекаралары қалыпты, ашық өкпелік дыбыс; аускультацияда везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.

    Жүрек шекаралары өзгермеген, жүрек тондары анық, ритмі қалыпты, ЖЖЖ – 94 рет/мин. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 10x9x8см, бауырдың төменгі қыры ауру сезімсіз. Сол жақ мықын аймағы пальпациясында іштегі ауру сезімі. Сол жерде тығыз, ауру сезімсіз сигма тәрізді ішек пальпацияланады. Бүйрек пальпацияланбайды. Перифериялық ісіктер жоқ. Қалқанша без ұлғаймаған. Патологиялық рефлекстер анықталмады. Буындарда сыртқы өзгерістер анықталмады.
    Қан анализі: Hb - 110 г/л, эритроциттер - 4,1х1012/л, лейкоциттер - 6,8х109/л, таяқша ядролы - 1 %, сегмент ядролы - 65 %, лимфоциттер - 30 %, эозинофилдер - 1 %, моноциттер - 3 %, ЭТЖ - 20 мм/сағ.

    Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздық - 1019, белок, эритроциттер - теріс, лейкоциттер - 1-2 к/а.

    Биохимиялық қан анализі: белок - 60 г/л, холестерин - 4,2 мг %, креатинин - 102 ммоль/л, калий - 3,5 ммоль/л, АСТ - 30 ЕД, АЛТ - 20 ЕД.

    Құрсақ қуысы мүшелері УДЗ – патология анықталған жоқ.
    1. Болжам диагнозды қалыптасырыңыз.

    2. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер жүргізу керек?

    3. Емді жүргізуде қандай қателіктер жіберілді?

    4. Сіздің емдеу тактикаңыз.
    Жауаптары:

    1)Болжамдиагноз:ойык жаралы колит

    2) Диагнозды нақтылау үшін косымша зерттеулер жүргізі керек:
    Рентгенологиялық зерттеулер(су кубыры симптомы-гаустрдың болмауы)
  • Колоноскопия(кан тамыр суретінің болмауы,дәндену,кілегей кабатының гиперемиясы және ісінуі)
    3)Емді жүргізуде келесі қателіктер кеткен:антибиотиктерді орынсыз колданған.Лоперамидті тек аурудың жеңіл кезінде колданады,

    4)Емдеу тактикасы:

    Медикаментозды емес емдеу:диета,механикалык түрде корғайтын жеңіл сіңірілетін нәруыздар колданады.Егер фульминантты түрі болса тағамды парентаральді енгізу кк.

    Медикаментозды терапия:5-аминосалицил к-лы(месалазин,сульфасалазин),ГК(преднизолон,гидрокортизон) және жергілікті буденосид береміз.Егер ГК резистентті формасында иммунодепресанттарды(азатиоприн,меркаптопурин,метотрексат) тағайындаймыз.


    Ситуациялық есеп №3
    Гастроэнтерология бөліміне 23 жастағы науқас К. қан және шырыш аралас жиі сұйық дәретке, тәбетінің төмендеуіне, салмақ жоғалтуына, жарықтан қорқу және көзіндегі күйдіру сезіміне, табан және тізе буынында сыздап ауыруға, аяқ терісінде бөртпелер пайда болуына, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, ұйқы бұзылысына, дене температурасының 38 °С жоғарылауына шағымданып түсті.

    Бір айдан бері, ішінде ауыру сезімі және тәулігіне 2-3 ретке дейінгі сұйық дәрет пайда болғаннан бастап өзін аурумын деп санайды; емхана дәрігерінің тағайындауы бойынша но-шпа*, лоперамид қабылдаған – әсері жоқ: сұйық дәрет жиі мазалайтын болды, тәулігіне 10-12 ретке дейін, көбіне түнгі уақытта, артқы өтістен қан бөлінуін байқады. Жоғарыда аталған шағымдар қосылып, стационарға жіберілді.

    Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы – 37,8 °С, терісі бозарған, құрғақ, перифериялық л/т ұлғаймаған; қабағы гиперемияланған, ақ-сұр түсті қабыршақтармен қапталған; тыныс жиілігі – 17 рет минутына; өкпеде анық өкпелік дыбыс, тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ; жүрек шекалары кеңеймеген, жүрек тондары анық, жүрек ұшында систолалық шу, ЖЖЖ – 105 рет минутына, дұрыс ритмді.

    Іші аздап кепкен, пальпацияда сол жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Балтыр және сандарында тығыз ашық-қызыл ісінген түйіндер бар, ауырсынуға байланысты аяқтарында қозғалыс шектелген. Перифериялық ісінулер жоқ.

    Лабораторлы көрсеткіштер:

    Қан анализі: Hb - 93 г/л, эритроциттер - 4,2х1012/л, лейкоциттер - 8,8х109/л, таяқша ядролылар - 8 %, сегмент ядролылар - 68 %, эозинофилдер - 2 %, лимфоциттер - 20 %, моноциттер - 2 %, ЭТЖ - 30 мм/сағ, анизоцитоз.

    Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок - 52 г/л, холестерин - 4,5 ммоль/л, билирубин - 18,2 ммоль/л, калий - 3,50 мэкв/л, натрий - 135 мэкв/л.

    Іш қуысы ағзаларының УДЗ: патологиялық өзгерістер жоқ.

    Колоноскопия: Көлденең жиек ішек, сигма тәрізді және тік ішек шырышты қабаты ісінген, гиперемияланған, фиброзды-іріңді жабындымен жабылған, біріккен сипаттағы көптеген жаралар бар, псевдополиптер, ішек саңылауында қан, ірің, кенет қан кетулер.
    1. Диагнозды құрастырыңыз.

    2. Процесс активтілігі қандай мәліметтердің негізінде анықталады?

    3. Науқаста қандай ішектен тыс көріністер дамыды?

    4. Науқасты емдеу тактикасын болжаңыз.
    Жауаптары:

    1) Диагноз: ойық жаралы колит

    2) Процестің белсенділігі, яғни аурудың дәрежесі келесі белгілермен анықталады:

    - Тәулігіне нәжістің жиілігі (біздің жағдайда 10-12)

    - Ректальді қан кету (біздің жағдайда)

    - Дене температурасы (біздің жағдайда 380С)

    - ЖЖЖ (біздің жағдайда 105 КД/мин)

    - Гемоглобин (біздің жағдайда 93 г / л)

    - ЭТЖ (біздің жағдайда 30 мм/сағ)

    Біздің науқаста кездесетін барлық белгілер ойық жаралы колиттің ауыр дәрежесін көрсетеді.

    3) Науқаста келесі Ішкі көріністер дамыды:

    - Терінің әртүрлі зақымдануы (біздің жағдайда аяқ терісіндегі бөртпелер)

    - Артрит (біздің жағдайда пациент білек пен тізе буындарындағы ауырсыну туралы алаңдайды)

    - Эписклерит, увеит, иридоциклит

    4) Емдеу тактикасы:

    Дәрілік емес емдеу: ішек транзитін баяулататын диета, ақуызға және майдың шектелуіне бай тағам

    Дәрілік терапия: препараттардың негізгі топтары 5-аминосалицил қышқылының препараттары (месалазин, сульфасалазин), жүйелік глюкокортикоидтар (преднизолон, гидрокортизон) және жергілікті (буденосид) әсер етеді. Ойық жаралы колиттің ГК-ға резистентті түрлері кезінде иммунодепрессанттар (азатиоприн, меркаптопурин, метотрексат).

    Cитуациялық есеп №4.
    35 жасар науқаста жалпы әлсіздік, шырыштың көп мөлшерімен аралас жиі сұйық дәретпен қатар іште толғақ тәрізді ауру сезімі эмоционалды жүктемеден кейін периодты түрде пайда болады. Тоқ ішектің спазмдалған бөліктері пальпацияланады. Колоноскопияда патология анықталған жоқ.
    1. Ең ықтимал қандай ауру туралы ойлауға болады?

    2. Қажет қосымша зерттеу әдістері?

    3. Емдеу тактикасы.
    Жауаптары:
    Болжам диагноз: тітіркенген ішек синдромы
  • Қажет қосымша зерттеу әдістері:Колоноскопиямен бірге биопсия.Рентгенологиялық зерттеу(ирригоскопия).Құрсақ қуысы УДЗ,АІЖ баска патологияны алып тастау үшін.ФЭГДС жіңішке ішектің биопсиясымен бірге,целиакия емес екеніне көз жеткізі үшін
  • Емдеу тактикасы:
    Медикаментозды емес терапия:диета,стресстік факторларды жою,наукасты акпараттандыру,дәрігер мен наукас арасында сенімді карым-катынас орнату.

    Медикаментозды терапия:

    Ауыру сезімі күшейгенде спазмолитиктер беру(дротаверин 2таб. куніне3-4 рет,мебеверин).Диареяны емдеу үшін лопирамид,адморбенттер тагайындау.Айкын метеоризм кезінде симетикон 2 капсулдан куніне 3 рет кабылдау.Егер дисбактериоз болса антибактериальды препарат береміз,сосын пробиотиктер береміз


    Ситуациялық есеп №5
    Стационарға 30 жастағы ер адам тамақ қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң пайда болатын, өршитін сипаттағы, дефекация немесе құсудан кейін азаятын іштің оң жақ төменгі квадрантасындағы ауыру сезімі, жүрек айну, метеоризм, тәулік бойына бірнеше рет кейде қан аралас іш өту, әлсіздік, мазасыздық, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі, қалтыраумен бірге дене температурасының субфебрильді жоғарылауы, арықтау шағымдарымен келіп түсті. Өзін бір аптадан бері аурумын деп санайды. Объективті: дене температурасы – 37,1 °С, тері тургоры төмендеген, пальпацияда іші кепкен, аш ішектің терминальді бөлігінің қалыңдағаны және ауыру сезімі байқалады. Лабораторлық зерттеулерде келесі мәліметтер алынды:

    ЖҚА: нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы.

    Копроцитограмма: стеаторея, эритроциттер, шырыш.

    Ішек рентгеноскопиясында:аш ішектің ригидтілігі, саңылауының тарылуы, ісіну және сызықты жаралар.

    1. Диагноз қойыңыз. Осы ауруға анықтама беріңіз. 2. Берілген аурудың этиологиялық факторларын атаңыз. 3. Негізгі синдромдарды атаңыз. 4. Зерттеу әдістерін және диагнозды нақтылайтын олардың нәтижелерді көрсетіңіз.

    Жауаптары:

    1. Диагноз: Крон Ауруы. Крон ауруы-созылмалы ауру, асқазан-ішек жолдарының әртүрлі бөлімдерінің сегменттік зақымдануымен және ішек терминалында басым локализациямен грануломатозды қабынумен сипатталады.

    2. Этиологиялық факторлар:

    - тұқым қуалайтын фактор

    - иммунологиялық бұзылулар (АТ жергілікті өндірісінің артуы, IgA және IgG түзілу арақатынасының соңғысының өнімінің ұлғаюына ауысуы, т-лимфоцитарлық буынның супрессиясы).

    - Темекі шегу

    3. Жетекші синдромдар:

    - Ауырсыну синдромы

    - Диарея

    - Дене салмағының төмендеуі

    - Мальабсорбция синдромы

    - Шаршаудың жоғарылауы

    4. Диагнозды растау үшін тексеру әдістері және олардың нәтижелері:

    - Асқазан мен он екі елі ішектің патологиялық процесіне тартылуын бағалау үшін ФЭГДС

    - Тік ішектің патологиялық процесіне тартылуын бағалау үшін биопсиясы бар Ректороманоскопия

    - Колоноскопия (бүкіл тоқ ішектің шырышты қабығын бағалау)

    - Рентгенологиялық зерттеу (ішек саңылауының тарылуы, "бау" симптомы, зақымданған ішек контуры және т. б.))
    перейти в каталог файлов


  • связь с админом