Главная страница
qrcode

Доклад по туберк. 14-20 гасырдың. Ауру адам а айтып келмейді, Ауру жас тал амайды, б л аурумен жас та к ріде ауруы м мкін, сонымен атар бай да кедей де осы аурумен ауыр ан екен. Соларды ішінде


Скачать 33.97 Kb.
НазваниеАуру адам а айтып келмейді, Ауру жас тал амайды, б л аурумен жас та к ріде ауруы м мкін, сонымен атар бай да кедей де осы аурумен ауыр ан екен. Соларды ішінде
АнкорДоклад по туберк. 14-20 гасырдың
Дата06.11.2017
Размер33.97 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДоклад по туберк. 14-20 гасырдың жарық жұлдыздары.docx
ТипДокументы
#28063
Каталогid188873464

С этим файлом связано 41 файл(ов). Среди них: каз ИГА 5 курс дет.бол. 3 уровень.docx, каз ИГА 5 курс дет.бол. 2 уровень.docx, каз ИГА 5 курс дет.бол. 1 уровень.docx, экзамен.тесты для12- 13, 1 курса с ключа ом.docx и ещё 31 файл(а).
Показать все связанные файлы

ХIV-XX ғасырдың жарық жұлдыздары

Студент: Турлықожаев А.М.

С. Д Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицналық универсиеті

Жалпы медицна факультеті 12-015*02 тобы

Микробиология, Вирусалогия және Иммунология кафедрасы

Жетекшісі: Джумабаева Салтанат Мукановна

Ауру адамға айтып келмейді, Ауру жас талғамайды, бұл аурумен жас та кәріде ауруы мүмкін, сонымен қатар бай да кедей де осы аурумен ауырған екен. Солардың ішінде ХIV-XX ғасырдың жарық жұлдыздары әлемнің атақты адамдары, патшалар, ақын жазушылар, ғалымдар, өнер жұлдыздары, тарихшылар да ауырған екен. Солардың ішінде:

Орыс әдебиетінің көрнекті қайраткерлері ақын, жазушы, өнер сөзінің дүлділі жыршы, жыраулар.

Антон Павлович Чехов — (1860, Таганрог - 1904, Баденвейлер Герман империясы) орыс жазушысы, әңгімелер, повестер, пьесалар авторы, драматург, әлемдегі ең ұлы жазушылардың бірі деп танылған. Әлем драматургиясының классикасы болған төрт шығарма жазған. 1904 туберкулез ауруынан көз жұмды.

Макси́м Ада́мович Богдано́в  (1891, Минск —  1917, Ялта) —беларус ақыны, аудармашы, публицист; беларус әдебиетінің классигі, беларус әдебиетінің негізін салушы. 1917 туберкулез ауруынан көз жұмды.

Сегіз қырлы бір сырлы дарындылар, сазгер, драматург, композитор,

Анто́н (Анто́ний) Степа́нович Аре́нский (1861  1906) — орыс композиторы, пианист, дирижер, педагог русский композитор, пианист, дирижёр, педагог. В 1889-1894 жылдары  — профессор Мәскеу консерваторияда , 1895—1901 — Петербургте басқарма жұмысын атқарды.

Философ, филолог, өнер тілінің майталмандары, рухани, мәдени, әдеби өнерге белсене араласушы, қоғам қайраткерлері.

Гео́ргий Валенти́нович Плеха́нов (1856-1918) — Ресей революционері және марксизм теоретигі. Ол Ресейдегі социал-демократиялық қозғалыстың негізін қалап, алғашқы орыс марксисі болған. Плеханов марксизмге философия саласында және өнер мен діннің қоғамдағы рөлі туралы көп үлес қосқан. Ленинмен алауыздықтарына қарамастан кеңестік коммунистер оның есімін ардақтап, екі жоғары оқу орнын оның атымен атады.

Педагог, ғалымдар, әлемнің классик педагогы, ғылым академиктері, профессорлар.

Бенджамин Смит Бартон — американдық ботаник.

Филадельфи мектебінде оқып жүріп, 1786 жылы медицина саласына Эдинбур және Лондонға кетеді . 1789 жылы қайта оралып, Солтүстік Америкада алғаш рет ботаника туралы Elements of Botany деген кітабын шыгарады. 1815 жылы аяқ астынан туберкулезден қайтыс болады.

Революционерлер

Пётр Аки́мович Баба́ев (1883—1920) —ресей революционері, XX ғасырдың басында 3 ресей ревалюциясына қатысқан. Мәскеуде Бабаев атындағы кондитерлік фабрика бар ОАО «Кондитерский концерн Бабаевский». Шеки қаласында Петр Бабаевтың атында демалыс саябағы бар.

Өнер әлемінің жарық жұлдыздары, әйгілі актерлер мен актрисалар, әншілер.

Вивьен ЛИ –(1913-1967) ағылшын актрисасы. Өзінің 30 жылдық мансабында неше түрлі рөлдерді сомдаған. Алайда денсаулығының нашар болуы оның жұмысына айтарлықтай әсерін тигізген. Қырықыншы жылдары дәрігерлер оған туберкулез деген диагноз қойған. 1960 жылы күйеуімен ажырасып, өмірінің соңына дейін театрсахнасында ойнаған.

Саясаттанушылар

Хулиáн Бестéйро Фернáндес  (1870-1940) испандық саясаттанушы, қоғам қайраткері. Профессор.

Әскери қызметкерлер. Генералдар, Командирлер

Тимофей Степанович Боровой  (1888-1923) Ресей әскери ұшқышы, Бірінші Дүнежүзі соғысының батыры. Георгиевский кавалері.

Қылқалым өнерінің жарық жұлдызы, художниктер, суретшілер.

Василий Григорьевич Перов (1833-1882) - орыс суретшісі. Көшпелі салтанатты ұйымдастырушылардың бірі болған. Бірнеше жанрлық картиналардың авторы.

Корольдар, Императорлар, Президенттер және олардың отбасы

Эндрю Джексон  (1767-1845 ) — АҚШ-тың 1829 және 1837 жылдар аралығындағы жетінші президенті. Демократиялық партия атынан сайланған президент, сол партияның негізін қалаушы деп есептеледі.

Наполеон Бонапарт ІІ толық атыНаполеон Франсуа Жозеф Шарль Бонапарт Напален І Банапарт Францияның мемлекет қайраткері, қолбасшы, императордың жалғыз) баласы . 21 жасында туберкулезден қайтыс болады.

Альфо́нсо XII (1857-1885) Испания королі Жас король 1885 жылдың 25 қарашасында туберкулезден көз жұмды

Дәрігерлер мен психологтар:

Мари Франсуа Ксавье Биша́  (1771-1802) француздың атақты аанатомы және физиолог дәрігер,

Поль Бруардель (1837-1906) Француз. Дәрігер, Медицина ғылымының акдемигі.

Лев Семёнович Выго́тский  (1896-1934) Совет психологі. 1930 жылы «культурно-исторической теорией» в психологии деген еңбегі жазған.

Лев Фра́нцевич Гриневе́цкий  (1839-1891) Ресей империясының атақты әскери дәрігері.

Николас Калпепер (1616—1654)  ағылшын фармацевті, ботаник, дәрігер, аудармашы. Дәрілік шөптердің құрамын зерттеген.

Фридрих Кристиан Розенталь  (1779 -1829) неміс анатомы.

Қазақ халықының біртуар жарық жұлдыздары.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды Қызмет жолы Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. 1858  1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашқария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Николай Иванович Веселовский:

«Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.

Әбдірахман (Әбіш) Өскенбаев (1868-1895), Абайдың баласы. Бәйбішесі Ділдәдан туған. Семей қаласындағы уездік мектепте оқып, Төмен қаласындағы Александров реалды училищесін (1889), Санкт-Петербургтегі Михайлов артиллерия училищесін (1892) бітірген. 1890 ж. унтер-офицер, 1892 ж. портупей-юнкер, подпоручик деген әскери атақ алған. Сол жылы Ташкентте артиллерия гарнизонында қызмет істеді. Неміс тілін жетік білген. Абай сүйікті ұлына арнап бірнеше хат-өлең, жоқтаулар шығарған. Әуезов - ұлы жазушының «Абай жолы»эпопеясындағы басты кейіпкердің бірі. Романның 2-кітабында Әбдірахманның, оның жұбайының қазасын аса зор тебіреніспен, ауыр куйінішпен суреттеген

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893- 1920) – ақын, ағартушы Шығармашылығының ерекшелігі жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады.  Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру” (1917 – 18), “Адасқан өмір” (1918), “Кедей” (1919), “Айтыс” жариялады. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум. тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - қазақ және Кеңес Одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақсан шыққан тұңғыш академик. Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік жәнеЛениндік сыйлықтардың иегері болған

Ғани Мұратбаев (3.06. 1902, Қазалы ауданы – 15.04. 1925, Мәскеу) – Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, БЛКЖО мен Коммунистік Жастар Интернационалының қайраткері. 1919 жылы Коммунистік Жастар ұйымына мүше болып қабылданып, бірер жыл қалалық, уездік комитетте жұмыс істеді. Жетісу облысында мұғалімдер даярлайтын курстар ұйымдастырды, Мұратбаев Хорезм республикасының Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Қазалы қаласында мемориалдық мұражайы ашылды. «Біздің Ғани» атты көркем фильм, «Осындай қысқа ғұмыр» атты деректі фильм түсірілді.

.
перейти в каталог файлов


связь с админом