Главная страница
qrcode

Қол топографиялық анатомиясы. А а о ытушы- . Ж мабаев 22. 06. 20 ж. 2 Практикалы саба


НазваниеА а о ытушы- . Ж мабаев 22. 06. 20 ж. 2 Практикалы саба
Дата10.09.2021
Размер9.75 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚол топографиялық анатомиясы.docx
ТипДокументы
#47749
Каталог

Аға оқытушы-Ү.Жұмабаев

22. 06. 20 ж.

2 – Практикалық сабақ.

1 - практикалық сабақтың тақырыбы: қолдың топографиялық анатомиясы.

2 - Сабақтың жоспары

* Қол аймағы, топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай: а) иық белдеу; ә) қолдың еркін орналақан аймаққа бөлінуі.

1. Иық белдеу аймағы:топографиялық орналасына қарай шағын:

а) Жауырын аймағына ә) Делта бұлшықеттің аймағына; б) бұғана астылық ай-маққа; бөлінуі, олардың топографиялық ерекшеліктері.

2. Қолдың еркін орналасқан аймағының: а) иық; ә) білек: б) шынтақ; в) білек;

г) қол басының шағын аймақтарға бөлінуі. Олардың топографилялық ерекше-ліктері.

3. Қол дың шағын аймақтың өзіндік ерекшеліктері :
а) жалпы сыппаттамасы; ә) сыртқы орналасу белгілері; б)ағзалардың тіндік қабат-тары: фасциялық шандырлары, қантамырлары және нервтері олардың топография-лық орналасуы және т.б. ерекшеліктеріне тоқталу керек.

4-Практикалық сабақты оқудағы маңызы.
- Құрылысы мен қызметі өте күрделі, динамикалық қол аймақты ,оқудағы практикалық мәнін, топографиялық тұрғыда түсіндіру.
Кіріспе.

- Қол аймағы, топографиялық орналасуына, және практикалық мәні зор, әсіресе хирургиялық т. б. емдеу тәсілін қолдануда шағын аймақтарға бөлінеді. Жеке қол-дың жеке аймақтардың топогра фия лық ерекшеліктеріне тоқталар болсақ.
Қол аймағы

Қол аймақтары, топографиялық орналасуына қарай шағын:

1.Иық белдеу2.Қолдың шағын бірнеше

1 сурет. Қол аймағының жалпы көріністері.
А. Иық белдеу аймағы..

Иық белдеу аймағы, топографиялық орналасуына қарай шағын ,

практикалық мәні зор бірнеше шағын аймақтарға бөлінеді. Олардың ерекшеліктеріне : 1.Жауырын аймағына. 2: Дельта тәрізді бұлшық амағына, 3.Жауырын аймағына. 4. Иық буыны аймағына, бөлінеді. Оларға тоқталар болсақ:

І. Жауырын аймағы
1. Жауырын аймағы:
а) қылқан үстрілік ; ә) қылқан астылық аймаққа бөлінеді (№ 2-сурет).


2- сурет. Жауырын аймағының артқы бетінің көрінісі.

1-дельта тəрізді бұлшықет. 2-иық бұлшықеті. 3-иықтың үшбасты бұлшықетінің латералді басы. 4-ияықтың үшбасты бұлшықеттің ұзын басы. 5-төрт жақты тесік. 6-үш жақты тесік. 7-арқаның аса жалпақ бұлшықеті. 8-үлкен жұмыр бұлшықеті. 9-кіші жұмыр бұлшықет. 10-қылқан асты бұл-шықет. 11-қылқан үстілік бұлшықет.
1. Жауырын аймағының топографиясы

* Скелетопиясы: а ) жоғарыда- жауырынның жоғарғы қырымен.

ә) латералді шекарасы- жауырынның үлкен жұмыр бұлшықетімен

б) медиалді шекарасы - жауырынның медиалді қырымен шектелген.

* Құрылысы нмесе қабаттары:
. 1.Сыртқы беті, сол аймақтың терісі мен көмкеріп орналасқан

2.Тері қабаттың астында - жаурынның бұлшықеттер, мен қантамырлар мен нервтердің қынабын құраушы фасциялдық шандыр орналасқан. Бұл фациялдық табақша, арқа мен мойынның фасциялдық қабақшаның жалғасы болып қоймай, жауырынның қылқанына бекіп, жауырынның сыртқы бетінің бұлшықеттері мен, қантамырлардың, нервтердің қынабын құраушы жауырын аймағын практикалық мәні зор, қылқан үстілік және қылқан астылық аймаққа бөлінеді.

3. Бұл аймақтың терең қабатында: иық буынын қозғалысқа келтіруші: а) жауыр-ынның қылқан үстілік және ә) қылқан астылық бұлшықеттер; б) жауырынның, қылқанастылық бұлшықеттер; в) оларды қандандырушы артериялар мен нервтер орналасқан.


3 –Жауырын аймағының қантамырларының

жалпы көрінісі.

1. Қолық артериясы. 2. Дельта бұлшықетінің бұтағы. 3. Акромиалді бұтақ. 4. Кеуде-акромиалді артерия. 5. Кеуделік бұтақ. 6. Латералді кеуделік артерия. 7. Дорсалді кеуделік артерия. 8. Жауырынның айналма артериясы. 9. Жауырынас-тылық артерия. 10. Иықтың айналма артқы артериясы. 11. Иықтың айналма алдынғы артериясы. 12. Иықтың терең арте-риясы. 13. Шынтақ жіліктің жанама жоғарғы артериясы. 14. Иық артериясы.

Тін аралық аймақтың оқудағы практикалық
мәні:

1.Біріншіден ,бұл аймақтың, қылқан үстілік аймағы, мойынның латералді тін аралық аймағы мен өзара жалғасып,жаурын аймағында ғы ірің, сол аймаққа қарай өтуі байқалса.

2.Екіншіден,қылқан үстілік бұлшықеттің фасциялдық табақшасы, жауырын сүйегінің мойынының маңыңда, жұқара келіп, делта тәрізді бұлшықеттің тін аралы-ғы мен жалғасуы байқалады. Ірің болған жағдайда, бір аймақтан екінші аймаққа өтуі мүмкін.
ІІ. Делта тәрізді бұлшықеттің аймағы
. * Топографиясы - бұл аймақтың көлемі, делта тәрізді бұлшықеттің көлеміне сәйкес келіп,иық буынынң сыртқы жауып орналсқан.

* Терілік қабаты - қалыңдау келіп, бұл аймақтың сыртқы бетін жауып орна-ласқан.

* Фасциялдық қабаты, ол мойын мен ақаның фасциялдық қабатының тікелей жалғасы болып аналады. Бұл фасциялдық қабықша, делта тәрізді бұлшықетті бар-лық жағынан орап, қынабын құрап қоймай, бұлшықеттің терең қабатына бағыт-талған табақшалары арқылы, бұлшықеттің жеке талшықтарының қынабын құр-ауға қатысады.

* Құрылысы Бұл аймақтың терең қабатында, делта тәрізді бұлшықетті ң артериясы : а) иықтың айналмалы алдынғы артериясы мен;

ә) иықтың артқы айналма артериясы; және б) қолтық нервісі орналасқан.

Сонымен қатар, делта тәрізді бұлшық ет пен иық буынын қапшығының аралығын-да, иық буынының қозғалысын жеңілдетуші, делта тәрізді бұлшықетің синовиалді қапшығы орналасқан (№4-сурет).

4-сурет. Иық бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасы (қынабы).

1-иық бұлшықетінің фасциялық қабықшасы. 2-иықтың латералді бұлшықет аралық табақшасы. 3-тоқпан жілік сүйегі. 4-иықтың бұлшықеттерінің бұлшықет медиалді табақшасы. 5-бұлшықеттер қынабы. 6-иықтың алдыңғы топ бұлшықет-терінің қынабы.

/* Практикалық мәні -
- Біріншіден – бұл аймақтың тіндерін қандандырушы қантамырлар мен нервтер арқылы, іргелес аймақтың тін аралығы жалғасса, патологиялық ірің болған жағдайда, іріңнің көрші аймаққа өтуі байқалса.

- Екіншіден – жауырынның қылқан үстілік аймақтың тін аралық кеңістіктері, трапеция бұлшықет пен қылқанүстілік бұлшықеттің аралығы арқылы, мойынның латералді аймағы мен жалғасуы, ірін болған жағдайда, іріңнің сол аймаққа өтуі байқалады.
ІІІ. Иық буын аймағы
Иық буын аймағы, regio humeri деп иық буыны және иық буының маңындағы ағза-лардың жалпы жиындығын айтамыз.

Иық аймағы: 1.Иық буынынан, artculstio humeri. және 2.иық буынын қозғалысқа келтіруші иық–белдеу бұлшықеттерден 3. Қантамырлар мен нервтерден. 3 Лимфа түйіндер мен майлы тіндерден тұрады (№ 5 сурет).


5-сурет. Иық буынының көлденең кесіндісі.

1-иық буынының буын қапшығы. 2-акромион. 3-жауырынның жоғарғы көлденең байламы. 4-жауырын сүйегі. 5-иық буынының қуыстығы. 6-буын қапшығы. 7-иықтың ІІ басты бұлшықетінің ұзын сіңірі. 8-тоқпан жіліктің басы.
* Топографиясы:

- Иық буыныңың немесе аймағының алдынғы қапталы:

1. Иық буынының алдында – жауырынастылық бұлшық m. supscapularis пен.

2. Жоғарғы қабырғасы - делта тәріді бұлшықетпен.

3. Артқы қапталы – жауырынның қылқан үстілік және қылқанастылық бұл-шықетпен беттесіп орналасқан.

* Иық буынының құрылысы
-Иық буыны, articulatio humeri.,сыртқы пішіні шар тәрізді, үшбілікті жай буын.

- 1. Буын басы: тоқпан жіліктің шар тәрізді буын бетінен тұрса;

- 2.Буын ойысы: жауырынның буындық ойысынан, cavitas glenoidalis құралған. Буын ойысы, қозғалыс кезінде ауытқулар болмас үшін, буын ерінімен толықтыр-ылған.

3. Иық буын аймағының фасциялдық табақшалары, иық буынды қозғалысқа келтіруші бұлшықеттер мен қантамырлар мен нервтердің қынаптарын құрап қой-май, иық буынының бұлшықеттері мен иық буынының қапшығының аралығында, іші синовиалді сұйықпен толған қалталар орналасқан. Оларға:

* Бұлшықет аралық қалта: ол жауырын астылық бұлшықет, m.supscapularis пен, иықтың үш басты бұлшықеттің m.triseps brachiжауырынға бекитін жерде орна-ласқан.

*Айналма жауырынастылық қалта – ол иық буынын жоғарғы қалта, делта тәрізді бұлшықет пен буын қапшығының аралығында орналасқан. Бұл қалтаның практикалық мәні иық буынымен өзара жалғасқан.

*Иық буынының төменгі айналма қалтасы-ол қолтық қуысында, иықтың 3 басты бұлшық ет пен иық буын қапшығының аралығында айналма бағытта орна-ласқандықтан, иықтың айналмалы қалтасы деп аталынады. Бұл қалтаның ерек-шелігі:

- а) біріншіден: иық буынына түсетін негізгі салмақты жеңу.

-ә) екіншіден: иық буынның қуыстығымен жалғасуына байланысты, патологиялық жағдайда іріңнің өзара бір-біріне өтуі байқалады.

3. Буын қапшығы - бос буын еттерінің айналасынан басталып, бос тартылып орналасқан. Буын қапшығының ішкі беті, қозғалыс кезінде үйкеліс кезінде қоз-ғалысты жеңілдетуші синовиалді қабат пен көмкер- ілген. Буын қапшығының бос орналасуына байланысты, буын қуыстығының төменгі бөлігінде кеңістеу келген буын қалтасы байқалады

4.Байламдары: Иық буыны,қозғалыс кезінде,бунды бекемдеуші, құс тұмсық иық байламы, lig. corocohumerale бекемделгендіктен иық буынының қозғалыс кезінде шығып кетуі сол себепті.
ІV..Бұғанастылық аймақ
1.Топографиясы:1.Жоғарғыда
– а) бұғана сүйегі мен . 2.Төменде - ІІІ-қабырғаға горизонталді бағытта өткізген сызықша мен. 3. Медиалді шекарасы – төс маңыңдағы жүргізілген вертикалді сызықша шектелген (№6 - сурет).


6-сурет. Бұғанаастылық аймақ пен кеуде аймақтың жалпы көрінісі

1-кеуденің үлкен бұлшықеті. 2-қолтық қуысының кеуделік үшбұрыштың қабырғасын құраушы кіші кеуделік бұлшықеттің нұсқасы. І-қолтық қуысының бұғана кеуделік үшбұрышы. ІІ-кеуделік үшбұрыш. ІІІ-кеуде астылық үшбұрыш.
2. Бұғанастылық аймақтың құрылысы:

- а) терілік қабаты;- апокрин, тер бездерге бай қабаттан тұрады.

- ә) теріастылық қабатында: май қатпары, бүғанастылық бұлшықеті, орналасқан.

б) фасциялдық қабаты: бұғанаастылық аймақтың а) беткей және ә) терең фасциялдық қабаттан тұрады. Терең фасциялдық қабаты, сол маңындағы бұлшықеттердің қынабын құрап қоймай, қолтық венасына бағыт алған, басты венаның, vceflica қынабын құрап, қолтық қуысындағы ағзалардың фасциялдық қабатына ұласады.

3. Бұл аймақты оқудағы практикалық мәні:
- Қолтық қуысының, кеуде астылық аймағындағы, trigonumsubptctoralis ірің, асқынған жағдайда, бұғана стылыққа, басты венаның, v.cefalia бойы мен бұғаастылық аймаққа өтуі байқалады.
VІ. Қолтық аймағы ( regio axillaris )

7-сурет. Қолтық ойысының көріністері.

1-кеуденің үлкен бұлшықеті. 2-қолтық ойысының фасциялық қабықшасы. 3-қолтық ойысы. 4-иық-тың үшбасты бұлшықеті. 5-екібасты бұлшықеттің медиалді жүлгесі. 6-иықтың екібасты бұлшықеті. 7-иықтың екібасты бұлшықеттің фасциялдық қа-бықшасы. 8-қолдың теріастылық латералді венасы. 9-дельта тəрізді бұлшықет.
1. Топографиясы,regio axillaris.
Бұл аймақтың қабырғалары

а) алдынғы қабырғасы үлкен және кіші кеуде бұлшықетаен:

ә) артқы қабырғасы- жауырынастылық бұлшықет пен арқаның аса бұлшықетпен:

б) медиалді қабырғасы- алдынғы тісшеленген бұлшықетпен шектелген.

Қолтық қуысының, қантамырлар кіретін жоғарғы тесігі немесе апертурасы және қол айматардағы ағзаларды қантамырлар мен нервтер өтетін төменгі тесігі немесе апертурасы ажыратылады.

1. Қолтық қуысының жоғарғы апертурасы,
2. Қолтық қуысының төменгі апертурасы, ол а) кеуденің үлкен бұлшықетінің төменгі жиегімен; ә) арқаның жалпақ бұлшықетінің төменгі жиегімен шектелген.
1. Кеуде қуысының үш бұрыштары


8-сурет. Кеуде қуысының үшбұрыштары мен қантамырлары.

1. Бұғана сүйегі. 2. Кіші кеуде бұлшықеті. 3. Иықтың үшбасты бұлшықетінің ұзын басы. 4. Тоқпан жілік. 5. Арқаның аса жалпақ бұлшықеті. 6. Дельта тәрізді бұлшықет. 7. Кеуде-акромиальді артерия. 8. Кеуделік бұтағы. 9. Акромиальді бұтағы. 10. Дельта тәрізді бұлшықетінің бұтағы. 11. Жоғарғы кеуделік артерия. 12. Латералді кеуде артериясы. 13. Жауырын-асты артериясы. 14. Кеуде-дорсалді артериясы. 15. Жауырынның айналма артериясы. 16. Иықтың айналма артқы артериясы. 17. Иықтың айналма алдыңғы артериясы.
Сонымен қатар, қолтық қуысындағы ағзаларды қандандырушы қантамырлар мен нервтендіруші нервтердің топографиялық орналасуын анықтау үшін, кеуде қуысының үш бұрышы ажыратылады:

1.Бұғана –кеуделік үш бүрыш, а) бұғанастылық бұлшықет ет, m.subclavius пен ә) кіші кеуделік бұлықеттің, m.pectorialis minorаралығы арқылы шектелген.

Қызметі:кеуде бұлшықет пен делта тәрізді қандандырушы: 1. Жоғарғы кеуделік артерия, a. thoracics superior мен кеуде акромиалді артерия өтеді.

2. Кеуделі үш бұрыш,trigonum pectoralis . ол кеуденің үлкен бұлшықет пен кіші кеуде бұлшықеттің арлығындағы үш бұрыш.

Қызметі, бұл үш бұрыш арқылы кеуденің бұлшықетін қандандырушы кеуденің латералді артериясы өтеді.

3. Кеудк астылық үш бұрыш, trigonum subpectoralis, ол кеуденің үлкен бұлшықеті мен, арқаның аса жалпақ бұлшықетінін төменгі жиегі арқылы шектелген. Бұл үшбұрыштың маңыңда қолтық артерияның ірі артерялары: иықтың айналма алдынғы және артқы артер-иясы, а.а.circumflexa anterior et posterior орын тепкен.

Сонымен қатар, қолтық қуысынын маңыңда, жауырынның: үлкен жұмыр бұлшықеті мен иықтың үш бұлшықеттің аралығында қантамырлар мен нервтер өтетін үш жақты және төрт жақты тесік орналасқан.

2. Қолтық қуысының қабаттары

1.Тері қабаты, шаш түкшелер мен көмкерілген және терең қабаты апокрин бездерден тұрады.

2. Тері астылық қабаты: практикалық мәні зор бірнеше анатомиялық құрылымдардан тұрады. Олаға:

3 Фасциялдық қабаты: орналасуына қарай беткей немесе теріастылық және терең немесе меншікті фасцялық қабаттан тұрады.

а) беткей фасциялдық қабаты, жұкалау мен көмкеріп орналасқан май қатпары орна-ласқан. Қызметі жұқалау келіп, тері астындағы май қатпар мен капиллялар торлардың қынабын құрау.

ә) меншікті немесе терең фасциялдық қабақшалар3. Қолтық қуысының құрылысы

(cavum axіllaris)

- Қолтық қуысысындағы ағзалар, топографиялық орналасуына күрделі антомиялық құрылымдардан тұрады. Оларға тоқталар болсақ:

*.Иық белдеу маңыңдағы ағзаларды : а) бұлшық еттерді; ә) иық буынды: б) лимфа түйіндерді т.б. ағзаларды қандандырушы:

1Қолтық артериясы, a axillaris олардың тармақтары 2. Иық өрімі, plexus brachi-alis , олардың ағзаларды нервтендіруші тармақтары және;

3. Практикалық мәні зор, қолтық қуысының лимфа түіндерден тұрады.

- Қолтық қуысының лимфа түйіндері
, -Практикалық маңызы зор, 3 топ лимфа түйіндерден тұрады:

-1Латералді

2 Ортаңғы:

-3Артқы лимфатикалық түйіндер
Қзметі: бұл түйіндер,қолтық қуысының барлық түйіндері арқылы келген лимфа сүй-ықтығын қабылдап қоймай, сүт безінің лимфа түіндері мен кеуде қуысының қабырғалық бетінен лимфа сұйықтығын қабылдау. Қолтық қуысындағы лимфа түйіндерден өткен лимфа сүйықтығы:

* 1.Бұғана астылық лимфа бағанасы, truncus supclavius арқылы кеуде лимфа арнасына, ductus thoracicus немесе бұғанастылық венаға өтсе.

* 2.Оң жақтық лимфа сүйықтығы, оң жақтық бұғаастылық немесе мойындырық бағанасы арқылы, оң жақтық лимфа арнасына қарай өтеді.

Сонымен қатар, қолтық лимфа түйіндері, қабынуына байланысты қолтық маңыңдағы аденофлегмон іріңдердің пайда болу орындары болып саналады. Аденофлегмон іріңдер кезінде, іріңдер иық белдеу бұлшықеттердің үш, төрт жақты тесіктері арқылы, сол маң- дағы ағзаларға қарай өтеді.
Ә. Қолдың еркін орналасқан аймақтары
- Қолдың еркін орналасқан шағын аймақтары, прак-тикалық мәні зор бірнеше аймақтарға бөлінеді:

1.Иықтың шағын аймағына. 2. Шынтақ аймағына. 3. Білек аймағына. 4. Қол басының аймағына.

Бұл аймақтардың топографиялық ерекшеліктеріне тоқ-талар болсақ.

8-сурет. Қолдың еркін орналасқан аймақтың жалпы көрінісі.

1. Қолдың теріастылық латералді венасы. 2. Қолдың теріастылық медиалді венасы. 3. Иықтың теріастылық медиалді венаның білекаралық медиалді венасы. 4. Иықтың теріастылық латералді венаның білекаралық латералді венасы. 5. Шынтақаралық венасы.


І .Иық аймағы.

( regio brachialis - №9 сурет)

9-сурет. Иық аймақтың жалпы көрінісі.

1. Қолтық венасы. 2. Кеуде-акромиалді вена. 3. Жауырынның айналма венасы. 4. Шынтақ жіліктің жанама жоғарғы венасы. 5. Колдың теріастылық медиалді венасы. 6. Иық венасы. 7. Білекаралық венасы. 8. Иық-тың теріастылық медиалді венасы. 9, 10, 11. Иықтың теріастылық латералді венасы.
1. Топографиясы:

- а) жоғарғы шекарасы: кеуденің үлкен бұл-шықеті мен арқаның аса жалпақ бұлшықеттердің төменгі қырының аралығында өткізілген көлде-нең сызық арқылы шектелсе;

ә) төменгі шекарасы: тоқпан жіліктің екі жақтық айдаршық үстілік өсіндісінің аралығын-да өткізілген, көлденең сызықшаның бойында орналасқан.

б) Иық аумағында ек басты бұлшықеттің медиалді және латералді қапталында, қантамыр-лар мен нервтер өтетін, екі басты бұлшықеттің медиалді және латералді жүлгесі орна-ласқан

г) Иы.аумақтың артқы қапталында:тоқпан жілік пен, иықтың үш басты бұлшықеттің аралығынла, қантамырлар мен нервтер өтетін иықтың, тоқпанжілік – бұлшықет өзекшесі, canalishumeromuscularis орналасқан.

2 Иық аймақтың терісі, жұқалау қозғалмалы келіп орналасқан.

3.Фасциялдық қабаты,


10-сурет. Иық бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасы (қынабы).

1-иық бұлшықетінің фасциялық қабықшасы. 2-иықтың латералді бұлшықет аралық табақшасы. 3-тоқпан жілік сүйегі. 4-иықтың бұлшықеттерінің бұлшықет медиалді табақшасы. 5-бұлшықеттер қынабы. 6-иықтың алдыңғы топ бұлшықет-терінің қынабы.
Иықтың фасциялдық қабықшасы, іргелес орналасқан аумақтың фасциялдық қабықша-сының тікелей жалғасы болып саналады. Бұл фасциялдық қабықша, топографиялық орна-ласуына қарай:а) беткей немесе теріастылық және ә) тереңнемесе меншікті фасциялдық қабатқа бөлінеді. Оларға тоқталар болсақ:

а) Беткей немесе теріастылық қабықшасы, теріастында орналасып теріастылық қантамырлар мен нервтердің қынабын құраса;

а) Меншікті фасциялдық фасциялдық қабықшасы, ол қолтық аймақтың меншікті фасциялдық қабықшалардың тікелей жалғасы болып саналады. Бұл фасциялдық қабықша, төмен бағытта өтіп, тоқпан жілікке бекеделіп, бұлшықеттік аралық табақшаны құрап, иық аймағы: алдынғы және артқы бөлікке бөлінеді.

-1. Иықтың алдынғы бөлігінде: иықтың екі басты бұлшықеті мен құстұмсық – бұл-шықеті мен қолдың басты негізгі венасы, v.basilica бойлай орналасса.

. - Иықтың артқы бөлігінде:- иықтың үш басты бұлшықет пен тоқпанжілік өзекшенің аралығында: а) кәріжілік нерві, n. radialis пен ә) иықтың терең артериясы, a.drachialis profunda өтетін иық -бұлшықет өзекшесі,canalis humeromuscularis орналасқан.
ІІ..Шынтақ аймағы
( regio cubiti )


11-сурет. Шынтақ аймағының жалпы көрінісі.

1-тоқпан жіліктің дисталді ұшы. 2-шынтақ буын қапшығы. 3-жанама шынтақ жілік байламы. 4-қиғаш хорда. 5-шынтақ жілік. 6-кəрі жілік. 7-ІІ-басты бұлшықеттің сіңірі. 8-шаршы байлам. 9-кəрі жіліктің айналма байламы. 10-кəрі жіліктің жана-ма байламы.
1. Топографиялық орналасуы:

*а) .Жоғарғы шекарасы:*
Төменгі шекарасы:
: а) алдынғы және ә) артқы аймаққа бөлінеді.

2. Шынтақ аймақтың сыртқы белгілері:

-Шынтақ аймақтың сыртқы бетінде топографиялық маңызы бар төмендегі белгілерді көруге болады.

-* Шынтақ аймақтың артқы бетінде:
1. Тоқпаншіліктің латералді айдаршығының тұсында, шынтақ буын да бүккен жағдайда, латералді айдаршықтан төмен 1 см төменде, шұңқырша орналасқан. Бұл шұңқыршаның маңыңда,кәрі жіліктің басын сипап көруге болады.

2.Шынтақ буынының артқы бетінде: а) тқпан жіліктің , медиалді айдаршығы мен, тоқпан жіліктің шығырының аралығында, шынтақ жілік нерві, n.ulnaris өтетін, шынтақ аймақтың артқы медиалді жүлгесі, sulcus cubitalis posterior medialis орналасқан.


12-сурет. Шынтақ пен білектің тері астылық веналарының көрінісі

1. Иықтың теріастылық латералді венасы. 2. Теріасты-лық веналық торлар. 3,4. Иықтың теріастылық латералді венасы. 5. Қол басының сыртқы бетінің теріастылық вена торлары. 6. Саусақтық веналар. 7. Қол басының сыртқы бетінің теріастылық веналары. 8. Иықтың теріастылық медиалді венасы.
Cонымен қатар, практикалық мәні зор, ауру адамның вена қантамырларын байлап, инемен шаншып инъекция жасу кезінде: а) терінін медиалді қапталында негізгі вена, v. basilia мен шынтақтық ортаңғы венаны, v.mediana cubiti айқын байқалады.
І - Шынтақ аймақтың алдынғы бөлігі.
1.Терісі, шынтақ аймақтың алдында, бос орналасқан.

2.Теріастылық қабаттың аралығында, беткей теріастылық веналар:

а) медиалді қапталында, негізгі вена - v. basilica ә) латералді қапталында, білектің терілік латералді венасы, n. cutaneus antibrachi lateralisб)шынтақтық ортаңғы вена, v.mediana cubiti, бұл беналар шынтақ ойысының маңыңда, практикалық мәні зор, ауруға вена қанына дәрі – дәрмек арқылы емдеу үшін, бұл веналар, бір-бірімен «М», « И» тәрізді қосылыстар орналасқан. Сонымен қатар, бұл аймақтың теріастылық қабатында шынтақтық медиалді және латералді лимфа түйіндері айқын орналасқан.


13-сурет. Қолдың еркін орналасқан аймақтың жалпы көрінісі.
2.Фасциялдық қабаты , беткей несе теріастылық жән меншікті немесе терең фасциялдық қабаттан тұрады.

*. Беткей фасциялдық қабаты
, теріастылық веналардың және лимфа түйіндердің қынабын құраса. 2.Терең немесе меншікті фасциялдық қабаты: сол маңдағы бұлшықеттер мен нервтердің құрауға қатысады.

3.Білектің бұлшықеттері,шынтақ аймақтың алдынғы бетінде:

а) білектің ішке брғыш жұмырдұлшықет пен ә) иық - кәріжілік бұлшықетің ара-лығында, сыртқы пішіні үш бұышты, шынтақ ойысы, fossa cubiti орналасқан. Бұл ойыстың табанында синовиалді қапшық орналасқан.
ІІ..Шынтақ аймақтың артқы бөлігі

13, а-сурет. Шынтақтық аймақтың артқы бөлігінің көрінісі
1.Терісі - бұл ааймақтың артқы бөлігінң терісі, қалың қозғалмалы келіп қоймай, синовиалді қапшық орналасқан.

2.Фасциясы - меншікті фасциялдық қабаты,тоқпанжіліктің айдаршығы мен бірі-гіп орналасқан.

* . Шынтақ буыны, art.cubiti

- 1. Шынтақ буыны, күрделі үш сүйектің қосылысынан түзілген буын. Бұл буын-

ның: а) жоғарғы шекарасы – тоқпан жіліктің көлденең айдаршық аралық сызық- шадан 2 см жоғарыда орналасса; ә) төменгі шекарасы, бұл сызықшадан 1 см дей тө-мен орналасқан.


14-сурет. Оң жақ шынтақ буынының ішкі көрінісі.

1-тоқпан жілік. 2-шынтақ буын қапшығы. 3-тоқпан жіліктің шығыры. 4-жанама шынтақтық байлам. 5-тоқпан жілік шынтақ жілік буыны. 6-тəждік өсінді. 7-кəрі жілік шынтақ жілік буыны. 8-шынтақ жілік. 9-кəрі жілік. 10-кəрі жіліктің айналма байламы. 11-кəрі жіліктің айналма буын беті. 12-тоқпан жілік кəрі жілік буыны. 13-жанама кəрі жілік байламы. 14-тоқпан жіліктің кіші басы.
2. Буын қапшығы, буын қапшығы, алдында бостау, артқы бетінде тартылып орналасқан.

ІІІ. Білек аймағы
(regio antebrachi)

<Бұл шағын аймақ, шынтақ аймақтың тікелей жалғасы болып саналады.

1.Топографиясы : а) жоғарғы шекарасы: ол тоқпан жіліктің оң және сол жақтық айдаршық үстілік өсіндінінің аралық көлденең сызықшадан 2 см төмен орналасса.

ә) төменгі шекарасы: шынтақ жіліктің біз тәрізді өсіндісі мен кәрі жіліктің біз тәрізді өсіндінің аралығына дейін аралықта, жүргізілген көлденең сызықшаның бойында орналасқан.

2.Сыртқы көріністері: а) қол басының бұлшықеттерінің едеуір жақсы дамуына байланысты, білектің сыртқы бетінде білек сүйектері, сипағанда айқын байқалады.

ә) кәрі жілік сүйектің біз тәрізді өсіндісі, шынтақ жіліктің біз тәрізді өсіндіге қара-ғанда төмен орналасқан.

Сонымен қатар, білек аймағы, білектің кәріжілік пен шынтақ жіліктің бойында,

жүргізілген бойлай сызықша бойынша, білек аймағы: алдынғы, артқы аймаққа бөлінеді. Оларға тоқталар болсақ:

І. Білектің алдынғы аймағы
1. Терісі –
жұқалау ,әдуір қозғалмалы келген.әсіресе білектің ортаңғы бөлігінде.

-.Теріастылық қабатта: 1. Білектің теріастылық веналары: а) қолдың бастывенаcы- v.cefalica. ә) негізгі вена
v.basilica. б) шынтақтың ортаңғы венасы
v. mediana cubiti 2 Білектің терестылық нервтері орналасқан.

2. Фасциялдық қабаты –беткей және терең қабаттардан тұрады. Білектің беткей қабаты білектің алдынғы бөлігінің терастылық вена мен нервтердің қынабын құра- са. Терең қабаты: білектің беткей және терң бұлшықеттердің, нервтердің қынабын

құрауға қатысады. Білектің терең және беткей бұлшықееттердің аралығында қан-

тамырлар мен нервтер өтетін: а) кәріжілік жүлгесі- sulcus raldialis; ә) шынтақ жіл-
ік жүлгесі
- sulcus ulnaris; б) орталық неві өтетін жүлгеsulcus medifnus орналасқа

ІІ. Білектің артқы аймағы.

1.Терісі – білектің алдынғы аймағына қарағанда қалындау және қатпарланып орналасқан.Терілік қабаттың астында,білектің терілік артқы нерві орналасқан.

2. Фасфиялдық қабаты
беткей немесе теріастылық және меншікті немесе сол маңдағы анатомиялық құрамалардың қынабын құрауға қатысады.


14-сурет. Иық бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасы (қынабы).

1-иық бұлшықетінің фасциялық қабықшасы. 2-иықтың латералді бұлшықет аралық табақшасы. 3-тоқпан жілік сүйегі. 4-иықтың бұлшықеттерінің бұлшықет медиалді табақшасы. 5-бұлшықеттер қынабы. 6-иықтың алдыңғы топ бұлшықет-терінің қынабы.
3.Бұлықеттері –
бұлықеттері беткей тереңде орналасқан бұлшықеттерден тұрады.

Білектің артқы бетінің төменгі бөлігінде,білектің сүйек аралық қантамырлар өтетін жерінде,бұлшықеттің аралығында,шелдік қабат орналасқан.
IV.Қол басының аймағы
( rego manus ) №15 сурет


15 сурет. Қол басының сыртқы бетінің жалпы көрінісі
- Қол басының дисталді немесе төменгі бөлігін,қол басы аймағы деп аларынады.

1. Топографиялық орналасуы
- білек сүйектердің біз тәрізді өсіндісінің аралығын дағы сызықшамен, қол басының дисталді бақайшықтарға дейінгі аралықта орналас қан. Бұл аймақ топографиялық орналасуына қарай: а) алдынғы; ә) артқы бөліктен

тұрады.

2. Сыртқы көріністері: 1.Қол басының алдынғы бөлігінің алдынғы бетінде :а) қол

басының бұршақ тәрізді сүйек пен; ә) қол басын бүгуші бұлшықеттің бойлай орна- ласқан сіңірі және б) алақан бұлшықеттердің апоневрозы; в) қол басының анатоми- ялық « темекі салғыш шақша» атты шұңқыр айқын байқалады.

2. Қол басының артқы бетінде
: қол басының бұлшықеттердің сіңірі байқалады.

-А. Қол басының алдынғы бөлігі немесе алақаны. palma manus
16-сурет. Қолбасының алақандық бетінің көрінісі
1. Терісі- Алақанның терісі, қалыңдау, шамалы созылмалы келіп қоймай, алақан-ның апонефрозымен бетесіп орналасқан.

2. Фасциялды қабаты, беткей терең қабаттан тұрады:

- а) алақанның беткей абаты, тері қабаттың астында орналасып қоймай, вертикал- ды бағытта,алақақаннң фиброзды қабаты мен бірігіп, вена қантамырлар өрімінің қынабын құрап қоймай, алақанның майда түйіршектері орналасқан ұяшықтарды құрауға қатысады.

- ә) алақанның терең фасциялдық қабаты :
алақан бұлшықеттің алығы мен өтіп:

а) алақан бұлшықеттердің қынабын құракп қоймай, алақан бұлшықеттерді, үш топ- қ: медиалді, аралық және латералді топқа бөлінеді.

а) алқанның фиброзды табақшасы; ә) қантамырлар мен нервтердің қынабын құрап

қоймай, алақан бұлшықеттердің сіңіршерінің қынабын құрауға қатысады.

* Алақанның бұлшықеттер сіңіршелерінің қалталары

- Алақан маңыңдағы бұлшықеттердің сіңіршелері,қол басының бақайшықтары мен беттесіп ,жақын орналасқандықтан,практикалық маңызы зор бұшықеттердің сіңір- шелерінің қозғалысын жеңілдетуші және практикалық мәні зор, үш синовиалді қал- тадан тұрады (№17- сурет).Оларға:


17-сурет. Қолбасының алақан бетіндегі бұлшықет сіңірінің синовиалді қалталары.

1-бүккіш бұлшықеттердің қынабы. 2-бас бармақты бүккіш ұзын бұлшықет сіңірінің қынабы. 3-бүккіш білезік кəрі жілік бұлшықет сіңірінің қынабы.
1. Кәріжіліктік синовиалді қалта ол білектің,бас бармақты бүккіш ұзын бұлшық- ет сінігінің бойында дара орналасқан.

2.Шынтақжіліктік синовиалді қалта
ол практикалық мәні зор а) шынашақты бүккіш бұлшықетінің синовиалді қалтасы мен; ә) жоғары деңгейде орнласқан ІІ,ІІІ, ІУ –саусақты бүккіш бұлшықеттер сіңірінің –синовиалді қалтасының қосылуынан. құралған дара қалта

3. Саусақты бүккіш бұлшықеттер сіңірінің қалтасы
,- ол ІІ, ІІІ,ІУ –саусақты бүккіш бұлшықетер сіңірінің төменгі бөлігінде орналасқан, 3 дара синоыиалді қалта.

* Алақанның тін аралық кеңістіктері.
Алақанның фасциялдық қабаты,алаққаның 3 топ : медиалді,латералді және аралық бұлшықеттердің фасциялды қалтасын құрауына байланысты, әр қалтаның аралы-

ғында,практикалық маңызы әдеуір тін аралық кеңістіктер:

а) төмпешектің, tener, маңыңдағы тінаралық кеңістік.ә) кіші төмпешектің - hypo -tenerмаңыңдағы.б ) алақанның орталық тін аралық кеңістіктері ажыратылады.

*Алаққанның қантамырлары
Алақан бұлшықеттері,кірі жік артерия мен шынтақ жілік артерияның алақандық

тармақтары мен веналық тармақтары бір бірі мен,алақанның беткей тереңде орна- ласқан орналасқан доғалардың тармақтары арқылы қандандыралады (№18-сурет).


А Б

18 – сурет. Қол басының артериялары.

А. 1. Шынтақ жілік артериясы. 2. Шынтақ жілік артерия-ның терең бұтағы. 3. Алақанның терең артериялық до-ғасы. 4. Алақанның беткей артериялық доғасы. 5. Алақанның жалпы саусақтық артериясы. 6. Саусақтың меншікті артериясы. 7. Алақанның артериясы. 8. Бас бармақтың саусақтық артериясы. 9. Кәрі жіліктің ала-қандық беткей артериясы. 10. Кәрі жіліктік артерия.

Б. 1. Білезіктің сыртқы артериялық торлары. 2. Кәрі жілік артериясы. 3. Бас бармақ артериясы. 4. Алақанның дорсалді артериясы. 5. Саусақтың дорсалді артериясы. 6. Білезіктің сыртқы шынтақ жіліктік бұтағы. 7. Біле-зіктің дорсалді шынтақ жіліктік бұтағы. 8. Білезіктің дорсалді кәріжіліктік бұтағы. 9. Сүйекаралық алдынғы артерия
* Алақанның нервтер алақан бұлшықеттері мен нервтері:

а) орталық нерв пен ә) шынтақ жілік нервтері арқылы нервтендіріледі.

Ә. Қол басының артқы бөлігі
1.Терісі, бос орналасқан. Тері астылық қабатта, вена қантамырлар мен вена

қантамырларының өрімдері орналасқан.

2.
Фасциялдық қабаты,- білектің дорсалді бөлігінің беткей фасциялдық қабаты, көлденең бағытта өтіп кәріжілік сүйегіне барып бекіп, бұлшықеттердің сіңірін бекемдеп қоймай, олардың сіңірлерінің қынабын құраушы білезікшесін, retinaculum extensorum dorsalis қатысады (№19-сурет).


19-сурет. Қолбасының алақан бетіндегі бұлшықет сіңірінің синовиалді қалталары.

1-білектің артқы бұлшықеттерінің ұстағышы. 2-бас бармақты əкеткіш ұзын бұлшықет пен жаз-ғыш қысқа бұлшықеттің сіңірінің қынабы. 3-жазғыш білезік кəрі жілік бұлшықеттің сіңірінің қынабы. 4-бас бармақты жазғыш ұзын бұлшықеттің қынабы. 5-саусақтарды жазғыш бұлшықет пен сұқ саусақты жазғыш бұлшықет қынабы. 6-шына-қай саусақты жазғыш бұлшықет сіңірінің қынабы. 7-жазғыш білезік шынтақ жілік бұлшықет сіңірінің қынабы.
Б. Қол басының саусақтық аймағы.

1. Тері қабаты: алақандық бетінде қалыңдау,сыртқы бетінде жұқалау орналасқан.

Терілік қабатты,бірнеше қабаттан тұрады. Әсіресе алақан бетінде, қалындау келген

100 мүйізделген қабаттан тұрады. Қалған бөлігінде 4 қабаттан тұрады.

2. Терастылық қабатта, а) алақан бектінде көптеп тер бездер орналасса: б) сыртқы бетінде май бездері аздап орналасып қоймай, шаш түкшелері көптеп орналасқан.
- Өзіндік оқуға арналған әдебиеттер

1. Г.Е.,Островерхов, Ю.М.Бомаш, Д.Н.Любоцкий - Оперативная хирургия и топографическая анатомия. Медицинское информационное агенство. Москво 2013г.

2.Кованов В.В.,Аникина Т.И.Аникина – Хирургическая анатомия и фасций и клеточная пространство М. 1961.

3.Любоцкий Д.Н - Основы топографичесой анатомии. Моква, 1953г

4. Серебров Б.Т.- Топографическая анатомия. Томск ,1961.

5.Қайназаров А.Қ.,Идрисов Ә.А., Алмабаев Ы.А.,Алмабаева А.Ы. Бас пен мойынның клиникалық анатомиясы Қазақпарат, Алматы, 2014 ж.

6. Золотко Ю.Л. «Атлас топографической анатомии человек», Москва, 1969, 1989 г 7. Джумабаев У.Д , Джумабаев А.У. - Адам анатомиясы. Алматы, 2019 ж.



перейти в каталог файлов


связь с админом