Главная страница
qrcode

БЖБ 3-тоқсан әдебиет. 1. А. Кемелбаева Шашты гімесіні сюжеттік рылымын


Скачать 27.28 Kb.
Название1. А. Кемелбаева Шашты гімесіні сюжеттік рылымын
Дата07.09.2021
Размер27.28 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаБЖБ 3-тоқсан әдебиет.docx
ТипДокументы
#47699
Каталог
Тапсырма
1.А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесінің сюжеттік құрылымын
1)Оқиғаның бастауы: Түрікпен шал мен Кенжебектің жөн сұрасып танысуы.

2)Оқиғаның байланысуы: Жау шабуылы, Кенжебек пен қазақ халқының жат елге құл болып айдалуы.

3)Оқиғаның Оқиғаның дамуы: Түрікпен шалдың өз оқиғасын Кенжебекке жеткізуі, қашып қорлық көргендігі жайлы баяндауы.

4)Оқиғаның шиеленісуі: Шалдың Кенжебекке еліне қайтуға қол ұшын созып бар көмегін аямауы.

5)Оқиғаның шарықтау шегі: Түрікпен шал мен Кенжебектің атын сайлап, жолға дайындалуы.

6)Оқиғаның шешімі: Кенжебектің еліне оралып, Шашты атануы.

2.А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесінің идеясына талдау жасаңыз, өз ойыңызбен байланыстырыңыз (3-4 сөйлем).
Жаугершілік заманда шапқыншылар өзге елді тұтқиылдан шауып, жылқыларды барымталап тұтқын ретінде қазақ қыздары мен батыр ерлерін еріксіз алып кететін. Ұлы даланың қатаң ережелері тұтқынға түскен бойжеткендерді күң етсе, ер азаматтарын құл қылатын. Алайда туған елге деген сағыныш еріксіз тұтқынды да тәуекелге бел буып, қашуға итермелейді.Тіпті әңгіменің бас кейіпкерлері Кенжебекті де жау қолының оншалықты аямайды. Кенжебек секілді талай адамдарды құл ретінде жұмсап, отбасын құруға да мүмкіндік бермейтін. Тек қара жұмысқа салып, қашқындар жазадан көз ашпаған. Өз еркінен тыс тұтқынға түскен адамдардың өмірін, тағдырын ойыншық еткен жау қолындағы құл тірі адамның емес, тірі өліктің күйін кешкендей өмір сүрді. Қаншама адамның өмірі “Шашты” әңгімесіндегі дана қарттың балаға айтқан шерінен де айқын көрінеді


3.Т.Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» әңгімесінің идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, идеяны жеткізудегі автор шеберлігіне баға беріп, 100-150 сөзден тұратын эссе жазыңыз.
Қазақ әдебиеті тариxындағы ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан Талап Сұлтанбековтың кезекті әңгімесі "Көшпелі алтын" да оқырмандарын қиялға, арманға жетелейді. Бұл әңгімеде автор өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды Әңгіменің баяндалуына келетін болсақ Сәмен тау ішіндегі малшы ағасының үйін қонаққа барып, совхоздан мектепке дейін сенбі мен дүйсенбі күндері барады. Бірақ Сәмен аяқ астынан "Көшпелі алтынды" байқап оны зерттеуге қызығушылығы ашылады. Бұны тек ол ғана емес бүкіл ауыл естіп дүрлігеді. Бұдан кейін ол жалғыз емес Қажытаймен қоса көшпелі алтынды зерттеуге сайланады оларды қызықтырған көшпелі алтын ғалымдардың ойлап тапқан, яғни Кеңес үкіметіндегі алғашқы өнертабыс көзі Молния - 6 аппараты болып шығады. Бұл өзіне көптеген ғылыми заңдарды байланыстырады.

Онда тіпті физика пәнінің заңдылығы бар,яғни Молния-6 аппартының найзағай зарядтарын жасайтын және оны өз бойында шоғырлап ұстап тұрып ,табиғи түрде атмосферада пайда болған электр зарядтарын тарта алады.




.





перейти в каталог файлов


связь с админом